Жуалы ауданы әкімдігінің білім бөліміне қарасты № 19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 2017-2018 оқу жылындағы жұмысына сараптамаcы
1.Пән мұғалімдері туралы базалық мәлімет
Талдау параметрлері\Оқу жылдары | 2016-2017 оқу жылы | 2017-2018 оқу жылы | Динамика +\- |
Мұғалім саны | 159 | 163 | +4 |
Жоғары білімдісі | 154 | 159 | +4 |
Жоғарғы санатта | 65 | 67 | +2 |
І санатта | 45 | 48 | +3 |
ІІ санатта | 28 | 31 | +4 |
Санаты жоқ | 21 | 17 | -4 |
Жас маманы | 5 | 4 | -1 |
Күндізгі бөлім | 111 | 113 | +2 |
Сырттай бөлім | 48 | 49 | +1 |
Мамандығы сәйкес емес | - | - | - |
Зейнетке шығып істеп жатқаны | 3 | 1 | -2 |
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында 2016-2017 оқу жылында 159 мұғалім қызмет атқарса, 2017-2018 оқу жылында 163 мұғалім қызмет атқаруда. 3 мұғалім зейнетке шығып, 6 мұғалім жұмысқа алынды.
2.Оқушы контингенті
№ | Оқу жылдары | Оқушы саны | Барлығы |
1. | 2016-2017 оқу жылы | 978 | 978 |
2. | 2017-2018 оқу жылы | 1038 | 1038 |
Динамика: | 60 оқушыға артты |
3.Үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі, (%); үздік-286 – 27,5%, жақсы-453 - 43,6%, білім сапасы - 71%,
4.Ұлттық бірыңғай тестілеудің орташа балын арттыру;
№ | Пәндер | Орташа балы % | Динамика | |
2016-2017 | 2017-2018 | |||
1. | Оқу сауаттылығы | 14 | 15 | +1 |
2. | Математикалық сауаттылық | 13,5 | 15,6 | +2 |
3. | Қазақстан тарихы | 14,5 | 16,4 | +2 |
4. | Математика | 19 | 28,1 | +9 |
5. | Дүние жүзі тарихы | 21 | 27,5 | +6 |
6. | Ағылшын | 25 | 30,8 | +5 |
7. | Әдебиет | 21 | 25,5 | +4 |
8. | Химия | 22 | 29,7 | +7 |
9. | Адам.Қоғам | 22 | 22 | + |
10. | Биология | 23 | 33,6 | +10 |
11. | География | 23 | 32,1 | +9 |
12. | Физика | 22 | 26,3 | +4 |
Барлығы: | 89,1 | 106 | +17 |
2016-2017 оқу жылында 11-сыныпты 90 оқушы аяқтап, 88 оқушы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысты. Мектеп-гимназия орта балы -89,1 болды. 2017-2018 оқу жылында 11-сыныпты 126 оқушы аяқтап, 124 оқушы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысты. Орта балл-106. Өткен оқу жылымен салыстырғанда мектеп көрсеткіші +17-ге артты.
5.Ағылшын тілінде оқытатын сыныптардың ашылуы;
2017-2018 оқу жылында 1 физика пәнінің мұғалімі Әміралиев Ғ.10 айлық, физика пәнінің мұғалімдері- Бурабаева жансая, Тәжібаева Асел, химия пәнінің мұғалімі Орынбек Жанболат, информатика пәнінің мұғалімі Сейітбекова И. 2 кезеңдік 4 айлық ағылшын тілді курстан өтті. 2018-2019 оқу жылында осы мұғалімдердің жетекшлігімен 8- сыныптарда ағылшын тілді сыныптар ашу жоспарланып отыр.
6.Оқушылардың халықаралық, республикалық пәндік олимпиадалар
мен ғылыми жоба жарыстарының жеңімпаздарының үлесі;
Халықаралық Ғалымдар Одағы мен «Бейбітшілік әлемі» Халықаралық Қазақ Творчестволық Бірлестігінің ұйымдастыруымен ҚР «Рухани жаңғыру» Ұлттық бағдарламасы аясында «Мәңгі ел – Қазақстаным!» атты ғылыми-практикалық конференциясында құнды ғылыми жобасымен 7-сынып оқушысы Өзбекбай Сабина І орынды жеңіп алды.
7. Мектептің робототехника кабинеттерімен жабдықталуы IV- тоқсанға жоспарланған.
8. Мектеп-гимназиясының интернет желісі 4 мегабит / сек жылдамдықтан жоғары. Мектеп толығымен WI-FI желісімен жарақтандырылған.
9. Сандық білім беру ресурстарын пайдаланушы педагогтардың үлесі -100 % Мектеп ұстаздары толығымен Kundelik.kz жобасымен, «BILIM Land» білім беру платформасымен жұмыс жүргізіп келеді.
10. Инклюзивті білім беру үшін жағдайдың жасалуы;
2017-2018 оқу жылында инклюзивті біліммен қамтылған оқушылар болған жок.
Ал жаңа 2018-2019 оқу жылында 6 оқушы инклюзивті біліммен қамтылу жоспарланып отыр. Мектепте арнайы пандус жасалған.
Инклюзивті біліммен қамтылатын оқушылар:
1.Диасұлы Бауыржан-1 сынып
2.Доскерім Сәкен-1 сынып
3.Әдіхан Әлішер-7 сынып
4.Қадір Нурислам-1 сынып
5.Сайдова Жанар-7 сынып
6.Тұрсынғали Ерсұлтан-4 сынып
11. Техникалық-шығармашылық бағыттағы үйірмелерге қатысатын оқушылардың қамтылу үлесі;
5-9-сыныптардағы оқушы компонентінің сағаттары есебінен оқушылардың шығармашылық белсенділігін арттыру, эстетикалық, көркемдік талғамын дамыту мақсатында «Жас техник», «Жас физик», «Жас ғалым», «Техникалық модельдеу» үйірмелеріне 1 сағаттан берілді.
12. Облыстың киелі жерлеріне оқушылардың туристік экспедицияларын ұйымдастыру;
2018 жылдың мамыр айында ДТІЖО Д.Қырғызбаеваның басшылығымен және қосымша білім беру педагогы А.Тулегенова мен ұйымдастырушы-педагог Ғ.Аташбектің ұйымдастыруымен 5-7 сынып сынып жетекшілерімен білім алушылары «Айша бибі», «Бабаджа хатун» кесенесе, Тараз қаласындағы облыстық өлкетану музейінде және Тараз қаласындағы «Көне Тараз» қаласының орнында. Тараз қаласындағы тарихи жерлерге барлығы мектеп-гимназия бойынша 285 білім алушы туристік экспедицияға қатысса, 2-11 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен және ДТІЖО Д.Қырғызбаева және мектеп тәлімгерлерінің басшылығымен Б.Момышұлы мұражайына 910 бала саяхат жасады. Теріс ауылының орнынан табылған «Баркуаб» қалашығында Теріс ауылының орнынан табылған «Баркуаб» қалашығында 150 білім алушы туристік экпедицияға шықты.
13.Музейлердеөтетін «Өлкетану» сабақтары;
2017 жылдың қазан-желтоқсан айларында Батыр Бауыржан Момышұлының мұражайына экскурциялық сабақтар ДТЖЖО Д.Қырғызбаева, ұйымдастырушы-педагог Аташбектің басшылығымен ұйымдастырылды. Б.Момышұлы мұражайында «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі», «Батыр – Баукең жүрген жол» тақырыптарында батырлық сабақты 7 сынып жетекшісі А.Полатова, 6-сынып жетекшісі А.Тоғайбаева, 5-сынып жетекшісі Н.Байғазиева өткізді. Тарих пәнінің мұғалімі Ж.Бейбітова 6-сынып оқушыларымен Теріс ауылының орнынан табылған «Баркуаб» қалашығында тарихи сабақты өткізсе, тарих пәнінің мұғалімдері А.Тоғайбаева, Г.Сейдалиева «Айша бибі», «Бабаджа хатун» кесенесінде 5-сынып оқушыларымен, тарих пәнінің мұғалімі А.Тұяқбаева Тараз қаласындағы облыстық өлкетану музейінде өткен 6-сынып оқушыларыментүсіндірме сабақ және Тараз қаласындағы «Көне Тараз» қаласының орнында К.Өміралиева 5-сынып оқушыларымен экскурциялық сабақтар өткізсе, 7-сынып оқушыларымен А.Мақышев экскурциялық сабақ өткізді. Барлығы музейлерде 10 «Өлкетану» сабағы өткізіліп, 198 білім алушы қатыстырылды.
14.Мектепте «Виртуаль мектеп музейін» ашу қарастырылған.
Қосымша білім беру педагогтары А.Сулейменова және Ринат Ералиевтің басшылығымен «Виртуаль мектеп музейі» ашылған. Онда мектеп –гимназия іргетасы қаланған кезден бастап, алғашқы мектеп басшысы К.Айсенова, кейінгі басшы Әбілқасым Ергебекұлы басшылық жасаған кездегі қызмет жасаған мұғалімдер, ардагер ұстаздар, келген қонақтар , «Алтын белгі» төс белгісі, «Үздік аттестат» иегерлері туралы мәліметтер, фотосуреттер тіркелген.
15.Спорт секцияларына оқушылардың қамтылу үлесі, (%);
Мектеп-гимназияда оқушылардың бойына салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында «Бокс», «Таэквондо», «Ережесіз жекпе-жек», «Дзюдо», «Баскетбол», «Футбол», «Волейбол» секциялары ашылып, түрлі жұмыстар атқарылды. Оқушылардың қатысу үлестері – 51,3%
16. Педагог қызметкерлердің республикалық, халықаралық жетістіктері:
"Үздік ашық сабақ" Республикалық оқытушылар сайысында бастауыш сынып мұғалімдері Нұрманбетова Маржан Жумажановна, Амиралиева Гаухар Пернебекқызы, Папышева Ақжарқын Естібайқызы, Қаңтарбаева Жанар Болысбекқызы жүлделі ІІ және ІІІ орынды, Шымкент қаласында мұғалімдер арасында өткен республикалық пән олимпиадасында бастауыш сынып мұғалімдері Абдикаримова Эльмира, Қамбарбекова Жанар Дәуітқызы, Жандарбекова Куляйша Калдановна, Разымбетова Ақмарал Мейірханқызы, Мырзалиева Лаура Абатқызы, Бакирова Калбике Уалихановна, Сыдыгалиева Сауле Махулбековна, Ергебекова Айжан Абилкасимовна жүлделі ІІ орындарды иеленді.
Оқу жылы ішінде Қазақстандық интернет олимпиадада (ҚИО) химия пәнінің мұғалімдері Орынбек Жанболат Пернебекұлы ІІ орынды, Нұралиева Роза Маханбетовна ІІІ орынды, қазақ тілінен Мырзалиева Лаура Абатқызы, Тилемисова Меруерт Яхияқызы ІІ орынды, Тәжікенова Гауһар Жұматайқызы мен Базарбаева Гүлшат Қасымбекқызы ІІІ орынды, орыс тілінен Байгазиева Нуризат, Бакирова Калбике, Рысдаулетова Мереке, Кожахметова Балзия, математикадан Ахметова Айсулу, Абубакирова Дамира, физикадан Г.Сембиева, информатикадан А.Саркулова жеңімпаз атанды.
Мұғалімдерге арналған орыс тілінен Республикалық Ұлттық қашықтық олимпиадасында Махмудова Оразгуль, Бакирова Калбике, Шинасилова Дамира, шет тілі пәнінің мұғалімі Ұлманай Ахметова І орынды иеленді.
Республикалық "Шығармашыл ұстаз" байқауында биология пәнінің мұғалімі Амирхановна Салима Досанқызы І орынды, республикалық "Үздік ашық сабақ" сайысында Байгазиева Нуризат ІІ орынды, республикалық "Өнегелі ұстаз" байқауында шет тілі пәнінің мұғалімі Мырзаханова Индира І орынды, «Табиғатты аяла - Сиқырлы жаңа жыл» байқауында К.Бейсенова ІІІ орындарды жеңіп алды.
17.Пән мұғалімдері туралы базалық мәлімет:
Талдау параметрлері\Оқу жылдары | 2016-2017 оқу жылы | 2017-2018 оқу жылы | Динамика +\- |
Мұғалім саны | 159 | 163 | +4 |
Жоғары білімдісі | 154 | 159 | +4 |
Жоғарғы санатта | 65 | 67 | +2 |
І санатта | 45 | 48 | +3 |
ІІ санатта | 28 | 31 | +4 |
Санаты жоқ | 21 | 17 | -4 |
Жас маманы | 5 | 4 | -1 |
Күндізгі бөлім | 111 | 113 | +2 |
Сырттай бөлім | 48 | 49 | +1 |
Мамандығы сәйкес емес | - | - | - |
Зейнетке шығып істеп жатқаны | 3 | 1 | -2 |
18.Білімін жетілдіру курстары
№ | Пәндер | 2016-2017 | 2017-2018 | Динамика | |||||||||
Жаңартылған білім мазмұны | Үш тілде білім беру | Деңгейлік курс | Тақырыптық | Жаңартылған білім мазмұны | Үш тілде білім беру | Деңгейлік курс | Тақырыптық | Жаңартылған білім мазмұны | Үш тілде білім беру | Деңгейлік курс | Тақырыптық | ||
1. | Қазақ тілі мен әдебиеті | 5 |
| 1 |
| 1 |
|
| 2 |
|
|
|
|
2. | Орыс тілі | 10 |
|
|
| 2 |
|
|
|
|
|
|
|
3. | Ағылшын тілі |
|
|
|
|
|
|
| 1 |
|
|
|
|
4. | Математика | 4 |
|
|
| 3 |
|
|
|
|
|
|
|
5. | Физика |
| 2 | 1 |
|
| 3 |
|
|
|
|
|
|
6. | Информатика | 3 |
|
|
| 2 |
|
|
|
|
|
|
|
7. | Химия | 2 | 1 |
|
| 3 | 1 |
|
|
|
|
|
|
8. | Биология | 1 | 1 |
|
| 3 |
|
|
|
|
|
|
|
9. | Тарих | 1 |
| 1 |
| 3 |
|
| 1 |
|
|
|
|
10. | География | 1 |
|
|
| 1 |
|
| 1 |
|
|
|
|
11. | Технология | 6 |
|
|
|
|
|
| 4 |
|
|
|
|
12. | Дене шынықтыру |
|
|
|
| 4 |
|
|
|
|
|
|
|
Барлығы: |
19. Озық тәжірибені жинақтау, тарату.
№ | Мұғалімнің аты-жөні | Жұмыстың тақырыбы | Зерттелу кезеңі | ООӘК ұсыну |
1 | Ә.Тоғайбаева | Тарих және тұлға | 2015-2016 | 2018 |
2 | Д.Шынасилова | Методическое пособие Наглядный теоретический материал по русскому языку для 7 - 10 классов | 2016-2017 | 2018 |
20. Авторлық бағдарламалар
№ | Жылы | Мектебі | Мұғалімнің аты-жөні | Тақырыбы | Пәні | Сыныбы |
1 | 2017 | Д.Қонаев МГ | И.Турикбаева | Лексика и фразеология русского языка | Орыс тілі | 10 |
21. «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралар;
№19 Д.Қонаев мектеп-гимназиясы бойынша «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында атқарылған іс-шаралар туралы мәлімет
Облыс әкімдігі жастар саясаты мәселелері басқармасының мұрындық болуымен және мектеп ұжымының ұйымдастырды. Кездесуге Ауған соғысы ардагерлері одағының төрағасы Дүкенбай Ермеков, облыстық ардагерлер кеңесінің мүшесі Орынбасар Сайсамасаев пен Төлепбек Сейтқадыров ,қоғам белсендісі Дүйсенбай Сайлаубек және Б.Момынұлы ауылының ардагерлер кеңесінің төрғасы К.Дауренов, №19 Д.Қонаев мектеп –гимназиясының оқушылары мен ұстаздары қатысты.
ДТІЖО Д.Қырғызбаеваның басшылығымен «Жұлдызы биік Жуалы» тақырыбында өткен тағылымды кешке Қайрат ауылының тұрғыны, білім беру ісінің үздігі, ардагер ұстаз Е.Әбілқасым Ергебекұлы мен Халықаралық жазушылар одағының мүшесі, ардагер ұстаз Байдалиев Даулетжан Жамалбекұлы шақырылып, мектеп ұстаздары мен мектеп оқушыларына көптеген тағылымды әңгімелер айтып,ойларын ортаға салды.
«Рухани жаңғыруды» іске асыру мәселелерін түсіндіру жөніндегі үкіметтік емес ұйымдармен кездесуге Дүрәліұлы Аманжол «Акментей» қоғамдық бірлестігінің төрағасы және «Жуалы қанағат» қорының президенті Бекмұханова Ұлтуған Хансейіт қызы шақырылып, мектеп ұстаздары мен 11 сынып оқушылары қатысуымен өткізілді. «Ұлттық дәстүр- сарқылмас қазына»тақырыбында өткен дөңгелек үстелге қонаққа медиатр , би , еңбек ардагері А.Дүрәліұлы, өзбек ұлттық орталығының жетекшісі З.Мажитқызы, шешен ұлттық орталығының жетекшісі ЭсмираМамедова ,Қайрат ауылының ақсақалы Ш.Қалдарбеков, мектеп ұстаздары қатысып, ой бөлісті. «Желтоқсандықтар-ұлт мақтанышы» тақырыбында 9 сынып оқушылармен өткізілген дөңгелек үстелге ардагер ұстаздар З.Асылқызы, Ғ.Дүйсембаева және желтоқсан оқиғасына қатысқан мектеп ұстазы Г.Тажкенова шақырылды. Г.Тажікенова сол оқиға қалай орын алғаны туралы,денсаулығына зақым келгені туралы айтып, қаншама жастардың ел үшін жан кешкендері туралы баяндап берді .
Мектеп ұжымымен «Латын көшу басты мақсатымыз» тақырыбында өткен дөңгелек үстелде Д.Қырғызбаева «Латын графикасының қажеттілігі» тақырыбында баяндама оқыды. Қазақ, орыс тілі пәні мұғалімдері Г.Тажікенова, И.Түрікбаева өз ойларын ортаға салып, қолдайтындықтарын білдірді.
Мектеп –гимназияда Жуалы ауданы әкімдігінің 2017 жылғы 29 тамыздағы №02-2987 хаты мен 2017 жылдың 12 сәуіріндегі жарияланған Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласын іске асыру мақсатында «Болашаққа бағдар» атты видеофильмді білім алушыларға (5-11сыныптар) қараша айында мектептің мәжіліс залында екі ауысым ортасында көрсетілді. ДТЖЖО Д.Қырғызбаева ,ұйымдастырушы педагог Ғ.Аташбек, қосымша білім беру педагог А.Төлегенова , 11 сыныптың білім алушылары видеофильм туралы пікірлерін айтып, қазақ еліне, Елбасына көптеген табыстарға жетуге тілек білдірді.
Салт-дәстүрлерімізді дәріптейтін тұсау кесер, бесікке салу, көнерген тамақтар, қолдан жасалған қолөнер бұйымдарының көрмесі өткізілді. Іс-шараларға ұлттық орталықтың өкілдері және еңбек ардагерлері шақырылып отырды. Асық ату, арқан тартыс, тоғыз құмалақ сынды ұлттық ойындар өткізілді. Асық атудан жеңген оқушылар аудандық жарысқа қатысып ойынның нақышына салып ойнады. «Өлкетану» бағыты бойынша Батыр Бауыржан Момышұлының мұражайына экскурциялық сабақтар ДТЖЖО Д.Қырғызбаева, ұйымдастырушы-педагог Аташбектің басшылығымен ұйымдастырылды. Б.Момышұлы мұражайында «Ер елі үшін туады, елі үшін өледі », «Батыр – Баукең жүрген жол» тақырыптарында батырлық сабақты 7 сынып жетекшісі А.Полатова, 6 сынып жетекшісі А.Тоғайбаева, 5 сынып жетекшісі Н.Байғазиеваөткізді. Тарих пәнінің мұғалімі Ж.Бейбітова 6 сынып оқушыларымен Теріс ауылының орнынан табылған «Баркуаб» қалашығында тарихи сабақты өткізсе, тарих пәнінің мұғалімдері А.Тоғайбаева, Г.Сейдалиева «Айша бибі», «Бабаджа хатун» кесенесінде 5 сынып оқушыларымен, тарих пәнінің мұғалімі А.Тұяқбаева Тараз қаласындағы облыстық өлкетану музейінде өткен 6 сынып оқушыларымен түсіндірме сабақ және Тараз қаласындағы «Көне Тараз» қаласының орнында К.Өміралиева 5 сынып оқушыларымен экскурциялық сабақтар өткізсе, 7 сынып оқушыларымен А.Мақышев экскурциялық сабақ өткізді. Тараз қаласындағы тарихи жерлерге барлығы мектеп бойынша 285 бала экскурциялық сабақтарға қатысса, 2-11 сынып оқушылары сынып жетекшілерімен және ДТІЖО Д.Қырғызбаева және мектеп тәлімгерлерінің басшылығымен Б.Момышұлы мұражайына 910 бала саяхат жасап , Тарих-георафия пәнінің мұғалімдері Самал Сахаева, Л.Шалданбаева, Раймаханова Лазиза, Аташбек Ғалымжан сынды ұстаздар аудандағы тарихи жерлерде өткен тарихи-өлкетану сабақтарына 5-7 сыныптан 245 білім алушы қатысты.
«Туған мектепке тағзым» атты кездесуге Ұзақбайұлы Бауыржан, Талғарбаева Бекзат, Сылдықов Сәкен, Ақылтаев Ербол, Сабит сынды 1997 жылғы мектеп түлектерімен мектепке келіп құны 30 мың теңге тұратын кітап сөрелерін сыйға тартты.
2014 мектеп түлектері Жұмағұлов Елнұр, Байысбаев Наркен Бауыржанұлы, Алия Масабай, Бегаділ Жансая құны 100 тұратын теледидарды мектепке сыйлады.
2012 жылғы мектеп түлектері Рәпілбек Ұлжан ,Сабденбек Фариза , Исаев Нүридин, Аярбек Гүлханай , Нұрман Фариза,Үйкекбай Азамат құны 80 мың теңге тұратын мамық орындықтар сыйға тартты.
2018 жылғы мектеп түлектері мектептің мәжіліс залына құны 100 мың тұратын сахна орнатып берді .
Аудандық білім бөлімінің ұйымдастыруымен және «Туған жерге тағзым!» бағдарламасы бойынша туған жеріне келіп перзенттік парыздарын естен шығармаған №19 Д.Қонаев мектебінің түлегі, қазіргі таңда Алматы қаласындағы «АLРА Асаdemy» білім академиясының директоры, Қазақстан математика пәні ассосациясының вице президенті Бақнұр Зиябеков жастар арасында білімді дамыту және тарату мақсатында аудандағы 30мектептің 11 сыныптардан 58 оқушы қатысқан Бауыржан Момышұлы атындағы математика пәнінен олимпиада өткізілді. Олимпиада жеңімпаздарын ақшалай сыйлықтармен марапаттады.
Абенов Алишер, Исмаилова Дариға, Бекмұрзаева Альфия, Алжан Гүлнар , Кадірше Жұлдызай сынды мектеп түлектері 2017-2018 жылғы оқу жылында мектепке келіп ұстаздарына кітап, гүлдер сыйлап, оқушылармен кездесіп өздерінің студенттік өмірлері жайлы айтып, жақсы тілектер айтып кетті
«Саналы азамат »
Оқушыларға кәсіптік бағдар беруде түрлі кездесулер, атап айтсақ «Қазақстандағы 100 жаңа есім» жеңімпазы Әбдібек Пошқаев кездесу өткізді. Сондай -ақ «Еңбекпен табылған нан тәтті» тақырыбында кәсіпкер КерімқұлБегалиев кездесу өткізілді. «Мамандық таңдаудан қателес пе » тақырыбында еңбек ардагерлері Тезекбай Мықтыбеков пен Шаяхмет Қалдарбеков, Кеңес Шымкентбаевпен кездесулер өткізіліп, мамандықтың дұрыс таңдасаң , өмір сүрудің дұрыс болатынын айтты. Сонымен қатар Тараз қаласындағы «Темір жол» колледжінде және Химиялық – өндірістік колледжде білімгерлермен кездесіп, мамандықтардың қыр–сырымен танысты. «Мамандықтың қыр - сыры» тақырыбында «Мәңгілік Ел» білім және тәрбие беру орталығының директоры А.Наурызбаевпен 9-11 сынып оқушыларымен кездесу өткізілді.
«Келешекте кім болам» тақырыбында 11 сынып оқушыларымен дөңгелек үстелге аудандық мәслихаттың депутаты Руслан Сайлаубаев келіп, өзекті тақырыпты жан-жақты ашуға тырысты.
Жетістіктері:Аудандық «Бизнес баспалдағы» ойынында 9 команда ішінде Қонаев МГ оқушылары Тлепалды Дильназ, Аярбек Есжан, Мұқым Ахмет, Кәрісбай Нұрдаулет, Замбаева Ақерке қатысқан топ жүлделі 1 орынды иеленді. «Рухани жаңғыру» аясында өткен облыстық байқауда Г.Хабдуллаеваның жетекшілік етуімен 10 «А» сынып оқушылары Қанатбекова Айгерім, Мәлікқызы Зәуре, Мұрат Көшкінбай жүлделі 3 орынды иеленді. «Рухани жаңғыру» ұлттық бағдарламасы аясында биология пәні Амирханова Салиманың жетекшілігімен мектеп оқушысы Өзбекбай МадинаРеспубликалық «Мәңгілік ел – Қазақстаным!» атты ғылыми – практикалық конференцияда құнды ғылыми жобасы 1 дәрежелі дипломмен марапатталды.
«Туған ел- туған жер» бағдарламасы аясында өткен облыстық шығарма байқауында Қанатбек Жансерік 6 «А» сынып оқушысы бас жүлдені иеленді. Жетекшісі қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Сопбекова. «Туған жердің тарихы» тақырыбында «Мәңгілік Ел» білім және тәрбие орталығы өткізген аудандық байқауда мектеп оқушылары Тлепалды Дильназ және Шерхан Ақылтайдың дайындығын бейнеролигі бас жүлдені иеленді. Жетекшісі мектеп тәлімгері Л.Қалдарбек. «Рухани жаңғыру» аясында айдандық «Ертегілер әлемі» бойынша өткен байқауда мектеп – гимназия оқушыларының дайындаған қойылымы бас жүлдені иеленіп, облыстық байқауға жолдама алды. Жетекшісі Ж.Көшкінбаева. Осы аталған іс-шаралар нақты жене дер кездерінде орындалғаны үшін ДТІЖО Д.Қырғызбаева аудан әкімінің орынбасары Айбар Күнтуұлы Әділбақовтың алғыс хатымен және аудандық білім бөлімінің басшысы М.Айжановтың алғас хатымен марапатталды.
22. Оқушылардың жазғы лагерьлермен қамтылуы (оның ішінде демеушілікпен);
Мектеп-гимназия бойынша мектеп жанынан құрылға