15
август
2023
БОС ЛАУАЗЫМҒА КОНКУРС ЖАРИЯЛАНАДЫ

№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 21 ақпандағы № 57 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 19 қарашадағы № 568 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2021 жылғы 22 қарашадағы № 432 бірлескен бұйрығына сәйкес тұрақты бос және уақытша бос лауазымдық орындарға оқытудың озық технологияларын меңгерген, бастаған ісінің нәтижесін көрсете алатын, мектеп жүйесін жан жакты дамыту үшін төмендегі бірлік бойынша конкурс жариялайды. Конкурс төмендегідей лауазым бойынша
өтетін болады:
1.Директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары лауазымына (тұрақты)- 1 орын.
Біліктілікке қойылатын талаптар:
- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
- және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
Еңбек ақы мөлшері білім деңгейіне, еңбек өтіліне, біліктілікке байланысты төленеді. Құжат қабылдау мерзімі: 15.08.-23.08.2023 жыл.