21
январь
2022
Кәсіптік бағдарлау


📍📍📍Жоғары оқу орнының өтінімі бойынша ҚР Үкіметінің 1997 жылғы 3 қарашадағы Қаулысымен оған Дәулет Мірқасымұлы Серікбаевтың - Өскемен құрылыс-жол институтының тұңғыш ректорының есімі берілді.
📍📍📍2001 жылғы 31 қаңтарда ҚР Үкіметінің № 163 Қаулысымен Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны (ШҚМТУ) болып қайта аталды.
📍📍📍2012 ж. ҚР Үкіметінің 28.04.2012 ж. № 544 қаулысымен «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік қазыналық кәсіпорыны «Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» шаруашылық жүргізу құқығындағы республикалық мемлекеттік кәсіпорыны болып қайта өзгертілді.
📍📍📍 Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің «Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті» республикалық мемлекеттік кәсіпорыны өзінің білім беру қызметін 1958 жылдан бастап жүргізеді, және де еліміздің экономикасы үшiн бакалавриат, магистратура мен PhD докторантурының инженерлiк-техникалық, ақпараттық-технологиялық, экономика-басқарушылық, ғылыми-жаратылыстану, сәулеттік-дизайнерлік мамандықтарының кең спектрі бойынша мамандар дайындығын қамтамасыз етедi.
📍📍📍Қазiргі кезде ШҚТУ - Қазақстанның ең iрi жоғары оқу орындарының бiрi, Шығыс Қазақстан облысындағы алдыңғы қатарлы ғылым, білім және мәдениет орталығы. Университет құрамында 9 факультет, 14 кафедра бар.