Мектеп-гимназия директоры » №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-2-04-74
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-2-04-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп-гимназия директоры
11
март
2019

Мектеп-гимназия директоры

Оразов Абзалбек Рысқұлұлы - 1960 жылы Свердлов ауданы (қазіргі Байзақ ауданы) Жамбыл облысы Кеңес колхозында дүниеге келді. Осы ауылда орта мектепті үздік бағаға аяқтап шықты.

1977 жылы Жамбыл педагогикалық институтына оқуға түсіп, 1983 жылы аталған оқу орнын математика-физика мамандығы бойынша бітірді. Институт қабырғасында қоғамдық жұмыстарға белсене араласып, білімімен, ерекше қабілетімен дараланып, 1982 жылы Қазақ ССР Жоғарғы Советі Президиумының грамотасымен марапатталды.

1983 жылы Жуалы ауданы Қайрат ауылындығы Октьябрдің 40 жылдығы (қазіргі Мыңбұлақ орта мектебі) атындағы орта мектебіне физика пәнінің мұғалімі болып қабылданды.

1987-1999 жылдар аралығында осы мектепте директордың оқу-ісі жөніндегі орынбасары болып қызмет атқарып, облыс көлеміндегі мәдени шараларды ұйымдастыруға ұйытқы болғаны үшін оқу орны басшысының, қала, облыс әкімдерінің тарапынан бірнеше рет «Құрмет грамоталарымен» марапатталып, алғыс хаттарға ие болды

1999 жылдан 2005 жылға дейін Талапты ауылындағы Б.Момышұлы орта мектебінің директоры қызметін атқарды. Білікті басшы 1999 жылы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің орта және кәсіптік білім комитетінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

2005 жылы №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының директоры болып тағайындалды. Білікті басшы осы жылдар аралығында мектеп ұжымын үлкен білімділікпен басқарып келеді. Ол басқарып отырған мектеп-гимназияоблыс, аудан көлемінде алдыңғы орындардан көрініп келеді. 2008 жылы мектеп-гимназия республикадағы «100 үздік мектеп» қатарына енді. Облыс көлеміндегі көптеген қоғамдық шараларды ұйымдастыруға белсене ат салысып келеді. 2011 жылы мектеп-гимназия облыстық «Өнегелі мектеп» байқауында ІІ орынды иеленді. Мектеп басқарудағы іскерлігі мен озат табыстарына орай 2012 жылы «10 жыл Астана» медалімен және «Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалімен марапатталды.

Мектеп басшысы мұғалімдердің жұмысқа деген ынтасы мен мүмкіндігіне орай сондай-ақ мұғалімдер жұмыс істеп, оқушылар білім алатын жағдайға, ахуалға ықпал ету арқылы мектеп нәтижелерін жақсартуда басты басты рөл атқарады. Мектепті озық басқарудың тетігі- мұғалімнің шығармашылықпен жұмыс жасауына қолайлы жағдай жасау болса, А.Оразов бұл бағытта ұтымды еңбек етуде.Оның бір дәлелі- 2013 жылы мектептің бастауыш сынып мұғалімі Абдукодирова Маржан «Үздік педагог» байқауының жеңімпазы атанды.

Сонымен бірге қабілеті ұшқыр оқушыларға қолдау көрсетіп отырады. Осының нәтижесінде мектеп оқушылары үнемі республикалық, облыстық пәндік олимпиадаларда, ғылыми жобалар байқауында топ жарып, жүлделі орындарды иеленіп келеді.

Мұғалім үнемі ізденісте болып, кәсіби өсуін дамытып отыруы қажет. Бұл жағдайда мектеп мұғалімдерінің ұдайы білімін жетілдіріп отыруына мектеп басшысы жағдай жасап келеді. Сонымен қатар өзі де білімін жетілдіріп отырады. 2012 жылы Алматы қаласында білім беру жүйесінің басшы және ғылыми-педагогикалық кадрлары біліктілігін арттыратын республикалық институтта « Электрондық оқыту (e-learning) жүйесін енгізуді ғылыми-әдістемелік тұрғыдан қамтамасыз ету» тақырыбында өз білімін көтерді. 2017 жылы Тараз қаласындаМұғалімдердің Шеберлік Орталығында жаңартылған білім мазмұнын ұйымдастыру бағытында білімін жетілдірді.

Мектеп-гимназияҰБТ-де соңғы үш жылда мынадай көрсеткіштерге қол жеткізді.

Р/С

Оқу жылы

ҰБТ – ге қатысқаны

Мектеп бойынша

Білім сапасы

Орташа балл

1

2014 - 2015

122

72

84

2

2015- 2016

122

81

87

3

2016 - 2017

88

81

89

4

2017-2018

124

71

106

«Алтын белгі» төсбелгісін 2014-2015 оқу жылында 12 оқушы, 2015-2016 оқу жылында 6 оқушы, 2016-2017 оқу жылында 3 оқушы, 2017-2018 оқу жылында 4 оқушы иеленді. 2014 жылы мектептің облыс көлемінде көрсеткен көрсеткіштері негізінде ҚазақстанРеспубликасы Президентінің Алғыс хатымен және Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Алғыс хатымен, 2015 жылы Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен марапатталды.

Білім саласында толайым табыстарымен топ жарған білікті басшы 2015 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері атанды.

А.Оразов - мектеп ұжымын үлкен адамгершілікпен басқарып келеді. Мектеп ұжымы әділ басшының әрбір шешіміне, кісілігіне ризашылығын білдіреді. Іскер де, білікті басшы 2 ұл, 2 қызды тәрбиелеп өсірді. Бүгінде ұлдарын ұяға, қыздарын қияға орналастырып, немерелерін тәрбиелеп отырған бақытты жанұяның тірегі.

 

Жетістіктері:

 

 

 

2012 жылы «10 жыл Астана» медалінің иегері;

2012 жылы «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» медалінің иегері;

2014 жылы Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Алғыс хаты;

2014 жылы ҚР Президентінің Алғыс хаты;

2015 жылы Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасы;

2015 жылы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісінің иегері;

Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив