27
август
2025
Бос тұрған 1 (бір) бірлік директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымына конкурс жариялайды.

1) Жамбыл облысы, Жуалы ауданы, Б.Момышұлы ауылы, Б.Момышұлы көшесі №1, 8(72635)2-04-74, juali-konaev-mg19@yandex.kz, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданының білім бөлімінің «№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесі бос тұрған тұрақты 1 (бір) бірлік директордың ақпараттық технологиялар жөніндегі орынбасары лауазымына конкурс жариялайды.
2) Лауазымдық міндеттері:
-білім беру ұйымын цифрландыру, ақпараттандыру, оны ресурстық қамтамасыз ету процесін іске асыруды ұйымдастырады, оқыту процесінде ақпараттық және коммуникациялық технологияларды, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды енгізеді және пайдаланады, білім беру және басқару қызметінде ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша сыртқы ұйымдармен байланыс орнатады;
-тиісті жұмыс бағытының кадрларын іріктеуді жүзеге асырады, оларды басшыға ұсынады;
-оқу процесінде, сондай-ақ қашықтықтан оқыту кезінде ақпараттандыру жүйесін пайдалану бойынша жұмысты үйлестіреді;
-ақпараттық технологияларды пайдалану мәселелері бойынша педагогтерді оқытуды ұйымдастырады;
-ақпараттық және коммуникациялық технологиялар саласындағы әдістемелік, зерттеу, тәжірибелік-эксперименттік және инновациялық жұмыс жүйесін ұйымдастырады және жоспарлайды;
-білім беру ұйымдарында процестерді цифрландыруды қамтамасыз етеді;
-оқу-материалдық базаны қамтамасыз ету, сақтау және жетілдіру, Қызмет көрсету, жөндеу және оны есепке алу жөніндегі жұмысты ұйымдастырады;
-санитариялық-гигиеналық режим, еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау ережелерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
-белгіленген есептік құжаттаманың уақтылы жасалуын қамтамасыз етеді;
-білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.
Білуге тиіс:
- Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының "Білім туралы", "Педагог мәртебесі туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы" Заңдары және білім беруді дамытудың бағыттары мен перспективаларын айқындайтын өзге де нормативтік құқықтық актілер;
- педагогика және психология негіздері;
- мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты, педагогикалық ғылым мен практиканың жетістіктері;
- педагогикалық этиканың нормалары;
- экономика, қаржы-шаруашылық қызмет негіздері;
- еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өртке қарсы қорғау қағидалары, санитариялық қағидалар мен нормалар.
Айлық жалақысы педагогикалық еңбек өтіліне қарай 200000-230000 теңге аралығында. Басшының орынбасары ретінде біліктілік санаты болған жағдайда оған қосымша ақы санатына қарай қарастырылады.
3) Біліктілікке қойылатын талаптар:
- тиісті бейін бойынша жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білім немесе педагогикалық қайта даярлауды растайтын құжат, педагогикалық жұмыс өтілі кемінде 3 жыл;
- және (немесе) білім беру ұйымының "үшінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "екінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" немесе "бірінші біліктілік санатты басшысының орынбасары" біліктілік санатының болуы не "педагог – сарапшы" біліктілігінің болуы немесе "педагог – зерттеуші" немесе "педагог – шебер" біліктілігінің болуы.
4) Құжаттарды қабылдау мерзімі: 28.08-08.09.2025 жыл
5) Конкурсқа қатысу үшін қажетті құжаттар тізбесі:
Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға хабарландыруда көрсетілген құжаттарды қабылдау мерзімінде мынадай құжаттарды электрондық немесе қағаз түрінде жолдайды:
1) «Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №57 және Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің 2025 жылғы 31 наурыздағы №96 бірлескен бұйрығының 3-қосымшасына сәйкес нысан бойынша қоса берілетін құжаттардың тізбесін көрсете отырып, конкурсқа қатысу туралы өтініш;
2) жеке басын куәландыратын құжат не цифрлық құжаттар сервисінен алынған электрондық құжат (сәйкестендіру үшін);
3) кадрларды есепке алу бойынша толтырылған жеке іс парағы (нақты тұрғылықты мекенжайы мен байланыс телефондары көрсетілген – бар болса);
4) Үлгілік біліктілік сипаттамаларымен бекітілген лауазымға қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес білімі туралы құжаттардың көшірмелері;
5) еңбек қызметін растайтын құжаттың көшірмесі (бар болса);
6) "Денсаулық сақтау саласындағы есепке алу құжаттамасының нысандарын, сондай-ақ оларды толтыру жөніндегі нұсқаулықтарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің міндетін атқарушының 2020 жылғы 30 қазандағы № ҚР ДСМ-175/2020 бұйрығымен (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу( тізілімінде № 21579 болып тіркелген) бекітілген 075/у нысаны бойынша денсаулық жағдайы туралы анықтама;
7) психикалық, мінез-құлықтық бұзылушылықтары бар аурудың динамикалық бақылауда жоқтығы туралы анықтама;

9) сертификаттаудан өту нәтижелері туралы сертификат немесе қолданыстағы біліктілік санатының болуы туралы куәлік (бар болса);
10) ағылшын тілі педагогтері лауазымына орналасуға кандидаттар үшін пән бойынша сертификаттау нәтижелері туралы сертификат немесе педагог-модератор немесе педагог-сарапшы немесе педагог-зерттеуші немесе педагог-шебер біліктілік санатының болуы туралы куәлікті (бар болса) немесе CELTA (Certificate in English Language Teaching to Adults. Cambridge) PASS A; DELTA (Diploma in English Language Teaching to Adults) Pass and above немесе IELTS (IELTS - айелтс) – 6,5 балл; немесе тойфл TOEFL (іnternet Based Test (іBT)) – 60-65 балл көрсеткіші бар сертификат;
11) Бірлескен бұйрықтың 12, 13-қосымшаларына сәйкес нысан бойынша педагогтің уақытша бос лауазымына кандидаттың толтырылған бағалау парағы;
12) жұмыс орнынан (педагог лауазымы бойынша), оқу орнынан ұсыным хат.
Сонымен қатар, Кандидат, болған жағдайда, біліміне, жұмыс тәжірибесіне, кәсіби деңгейіне (біліктілігін арттыру, ғылыми атақтар, ғылыми дәрежелер және дәрежелер беру, ғылыми немесе әдістемелік жарияланымдар, біліктілік санаттары туралы құжаттардың көшірмелері) қатысты қосымша ақпарат ұсына алады.
Осы қағидалардың 113-тармағында көрсетілген құжаттардың біреуінің болмауы құжаттарды кандидатқа қайтаруға негіз болып табылады.
Құжаттар Б.Момышұлы ауылы, Б.Момышұлы көшесі №1, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің «№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесінде қабылданады.
6) Бос лауазымның мерзімі: тұрақты.
Құжаттар Б.Момышұлы ауылы, Б.Момышұлы көшесі №1, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы Жуалы ауданы білім бөлімінің «№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қабылдау бөлмесінде қабылданады.