17
апрель
2019
"Ер бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" тақырыбында жиналыс өтті
Мектеп-гимназия директорының құқықтық тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасары М.Исаеваның ұйымдастыруымен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 6-8 сынып оқушыларының әкелерімен "Ер бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі" тақырыбында жиналыс өткізілді. М.Исаева жиналыста бала тәрбиесіндегі әкенің рөлі тақырыбында баяндама жасады. Сондай-ақ, гимназия психологтары түрлі психологиялық тренингтер жүргізді.




