Қамқоршылық кеңестің №1 хаттамасы » №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-2-04-74
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-2-04-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Қамқоршылық кеңестің №1 хаттамасы
11
март
2019

Қамқоршылық кеңестің №1 хаттамасы

№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гмназиясында өткізілген қамқоршылық кеңес отырысының

№1 ХАТТАМАСЫ
25 қазан 2018 ж.
Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңестің төрайымы Г.Асемова, мүшелері – 9 ата-аналар, 35 ата-аналар қоғамдық кеңесінің мүшелері, мектеп инспекторы М.Шаңлақбаев

КҮН ТӘРТІБІ :
1. №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гмназия директорының міндетін атқарушы Р.Қасымбекованың есебі
2. Мектеп инспекторының 9 айда атқарған жұмысы туралы есебі. Баяндамашы: М.Қ.Шаңлақбаев
3. Әр түрлі мәселелер

1.Тыңдалды: Р.Қасымбекова күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша мектеп жиналысты ашық деп жариялап күн тәртібімен таныстырып өтті. Онда бірінші сұрақ бойынша сөз алып, жиналысқа қатысушыларды Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2017 жылғы 27шілдедегі №355 бұйрығы, Қазақстан Республикасының Әділет министрлігінде 2017жылғы 29 тамызда №15584 болып тіркеген хатын,«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасы Заңының 44-бабының 9 тармағын, Талғар ауданының « Білім бөлімі» мемлекеттік мекемесінің 2018 жылғы 4 қаңтардағы №5-Н бұйырығын басшылыққа ала отырып «Қамқоршылық кеңестің жұмысын ұйымдастырудың туралы» ережесімен таныстырып, қамқоршылық кеңес мүшелерін ата-аналар арасынан сайлау, сайланған ата-аналар мектепке демеушілерді тартуы немесе ата-аналар тарапынан демеуші болуы керектігін де атап өтті.
Өткен 2017-2018 оқу жылында жалпыға бірдей білім беру қорынан 105 оқушы ыстық тамақпен, 130 оқушы қыстық сырт киімдермен қамтамасыз етілді. «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша аз қамтылған, көп балалы, жартылай жетім, жайсыз отбасынан шыққан 17 оқушыға материалдық көмек көрсетілді. Қала сыртындағы лагерде 27 оқушы, мектеп жанындағы сауықтыру лагерінде 300 бала демалды. Аудан әкімі шыршасына 2 оқушы қатысып, бағалы сыйлықтар алды. Сондай-ақ, Қамқоршылық кеңес мүшелері бірлесе отырып, жекелеген отбасының жағдайына қарай материалдық көмек беру, жұмыспен қамту т.б. қажетті көмекті ұйымдастыруды жақсы жолға қойып отырды.
Биылғы 2018-2019 оқу жылында жалпыға бірдей білім беру қорынан 112 оқушы ыстық тамақпен қамтылып, 100 оқушы қыстық сырт киімдермен қамтамасыз етілді деп жоспарлануда. «Мектепке жол» республикалық акциясы бойынша аз қамтылған, көп балалы, жартылай жетім, жайсыз отбасынан шыққан 20 оқушыға материалдық көмек көрсетілді. Түркістан облысындағы «Тау самалы» сауықтыру лагеріне 3 оқушыға жолдама берілді. Бұл оқушыларға мектеп ұжымы, Қамқоршылық кеңес мүшелері, жеке кәсіпкерлер демеушілік көрсетті.
2.Тыңдалды: мектеп инспекторы М.Қ.Шаңлақбаев ювиналды полиция тобының 2018 жылдың 9 айында атқарған жұмысы бойынша есеп берді. Өз сөзінде аудан бойынша атқарылған жұмыстарға тоқталып, ағымдағы жылдың 9 айында ата-аналар, қамқоршылар және педагогтардың кәмелетке толмағандарды тәрбиелеуге жауапкершілігін арттыру мақсатында жүргізілген алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында, яғни «ата-ананың немесе басқа да заңды өкілдердің балаларды тәрбиелеу жөніндегі міндеттерді дұрыс орындамағаны» үшін 5 ата-анаға қатысты жиналған іс-құжаттар аудан әкімдігі жанындағы комиссия отырысына қарау үшін жолданып, 3 ата-ана ата-аналық құқығынан айырылғандығы туралы айтты. Кәмелетке толмағандармен жасалған түнгі рейдтер барысында түнгі сағат 23:00-ден кейін жас өспірімдердің заңды өкілдерінсіз үй-жайдан тыс жерде жүргені үшін 7 жас өспірім ұсталып, олардың заңды өкілдеріне ҚР ӘҚБтК 442 бабы, 2-бөлігімен әкімшілік хаттама толтырылып, әрқайсысына ескерту жасалды. өткен оқу жылында мектепте жүргізілген мақсатты жұмыстардың нәтижесінде тәртіпсіздік жасап, мектеп бойынша ішкі істер бөлімінде соңғы 3 жылда есепке алынған оқушы жоқ және мектеп оқушылары арасында суицид оқиғасы орын алған жоқ, алайда мектеп ережесін бұзатын оқушылар қатары жоқ емес. 2017-2018 оқу жылында мектеп ережесін бұзып , мектеп қабырғасында төбелескен 7 «В» сынып оқушысы Лес Нұрзат мектепшілік есепке алынды. Жайсыз отбасынан шыққан Мақұлбек Мейірлан 1 сынып оқушысы, Мақұлбек Темірлан 6 сынып оқушысы, Мақұлбек Аяна 3 сынып оқушысы Тұрар Рысқұлов ауданында орналасқан Туберкулезге қарсы жасөспірімдер мен балаларға арналған шипажайға орналастырылды.
Биылғы 2018-2019 оқу жылының қыркүйек айында сабақтан себепсіз қалған 10 «Ә» сынып оқушысы Қанибаева Маликаның ата-анасы Кожекова Гульчехраға Қазақстан Республикасы ӘҚБтК 127 бабына сәйкес ескерту берілді. Сондай-ақ, мектеп бойынша тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жүргізілген зерттеу барысында өз заңды өкілдерімен бірге тұрмайтын 10 оқушы анықталды. Оның 5-і қыз бала, 5-і ұл бала. Бүгінгі таңда оқушылардың ата-аналарынан сенімхат алынып, тиісті жұмыстар жүргізілді.
Сөз соңында: даңқты қолбасшы Б.Момышұлының «Тәртіпсіз ел болмайды, тәртіпке бас иген құл болмайды» деп балалардың рухани жан-дүниесін байыта отырып, өз құқықтарын жете меңгертіп, еліміздің жақсы азаматы болуына, Ата Заңымызды қорғауға, бекітілген тәртіпке бағынуға, өз құқықтарын орынды пайдалана білуге баулу, игі нәтижелерге жету жолында аянбай еңбек етейік деді.
3-мәселе бойынша әлеуметтік педагог Ф.М.Сәбденбек аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға көмек көрсету, қажеттігі туындаған оқушыларға көмек беру, республикалық спорттық жарыстарға демеушілік жасау туралы ұсыныс жасады.
Жиналыс соңында «Адамға деген мейірімділік» бейнеролигі көрсетілді

Шешім:
1. №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гмназия директорының міндетін атқарушы Р.Қасымбекованың есебі қанағаттанарлық деп табылсын
2. Мектеп инспекторының атқарған жұмысы туралы есебі қанағаттанарлық деп табылсын
3. Жаңартылған білім беру бағдарламасына көңіл бөлініп, қадағалауда болсын.



Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Г.Т.Асемова
Хатшы: Т.А.Егізбаева



Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив