11
март
2019
Қамқоршылық кеңес отырысының №2 хаттамасы
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гмназиясында өткізілген қамқоршылық кеңес отырысының
№2 ХАТТАМАСЫ
20 желтоқсан 2018 ж.
Қатысқандар: Мектеп әкімшілігі, қамқоршылық кеңестің төрайымы Г.Асемова, директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары Қапаров Еркін, ата-аналар: Әміреева Кәмшат, Исмаилова Гүлжан
КҮН ТӘРТІБІ :
1. Жаңа жыл – балалар мерекесі. Баяндамашы: әлеуметтік педагог Ф.Сәбденбек
2. Жаңа жыл мерекесінің өтілуіне байланысты комиссия құрамын бекіту
3. Аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға берілетін көмек, «Тілектер шыршасы» акциясы
1. Тыңдалды: Күн тәртібіндегі бірінші мәселе жөнінде мектептің әлеуметтік педагогы Ф.Сәбденбек жиналысқа қатысушыларды келе жатқан Жаңа жылдарымен құттықтай отырып «Жаңа жыл – балалар мерекесі» тақырыбында баяндама оқыды. Ол өз сөзінде: Жаңа жыл – әлемдегі қуанышқа толы ең ғажайып мерекелердің бірі. Жаңа жыл сиқырлы, әрі қайталанбас таңғажайып мереке. Бәріміз келе жатқан жаңа жылдан жарқын ертегі, жаңа бақыт күтеміз, әсіресе балалар. Әлемнің әрбір түкпірінде ерекше аталып өтілетін жаңа жыл мерекесін Қытайда көшеде барабандар, темір тәрелкелер соғылып, фейерверктер атылып, айдаһарлар би шеруімен бастаса, Ұлыбританияда әр жанұя таныстарын ашық хаттар жолдай арқылы құттықтайды екен, Кубада сағат 12-ні соққан кезде, әркім 12 түйір жүзім жейді екен, Гвинеяда көшеге піл жетектеп шығад екен. Жұрт осы пілдерді айнала би билеп, ән салатын көрінеді, ал Францияда бұл күні адамдар жомарт болуға құмар келеді екен. Сол сияқты ТМД елдерінде де Жаңа жыл сыйлықтар берумен, бір-біріне қуаныш сыйлаумен өтетін, әрбір адамға шаттық сыйлайтын ерекше мереке екендігін айтып өтіп, әсіресе балалардың осы күндері ерекше бір «сиқырды» күтетіндігін айтып, олардың сол қалауының орындалуы үшін біздер, ұстаздар мен ата-аналар өз үлесімізді қосуымыз керек деп сөзін тәмәмдады.
2. Жаңа жыл мерекесін өткізуге байланысты қамқоршылық
кеңес мүшелерінен қолдау көрсету аясында және мереке кезіндегі қаржылай көмекті пайдалану үшін комиссия құрамы бекітілді және оларға әрбір өткізілген іс-шаралар мен көрсетілген көмекті қадағалау жүктелді:
1)Асемова Гүлмира – қамқоршылық кеңестің төрайымы
2)Әміреева Камшат – ата-ана
3)Исмаилова Гүлжан – ата-ана
4)Қапаров Еркін – директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары
3.Тыңдалды: әлеуметтік педагог Н.Өтеген «Тілектер шыршасы» акциясымен, оның көздейтін негізгі мақсаты мен міндеттерін таныстырып өтті. Жаңа жыл қарсаңында ұйымдастырылған «Тілек шыршасы» акциясына демеушілік жасаған №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының әкімшілік мүшелері мен ұстаздары: Р.Қасымбекова, А.Нұралиева, Х.Пралиева, Г.Тажкенова, С.Сыдығалиева, И.Турикбаева, Қ.Бакирова, Г.Сембиева, А.Ергебекова, Г.Хабдуллаева, Т.Дүйсембаева, Ж.Қамбарбекова, П.Қалыбекова, Д.Абубакирова, Н.Өтеген, М.Махашова, А.Саркулова, А.Унгаров, Г.Ермекбай, М.Серкебаева, Г.Утегенова, Е.Сайлау, Г.Амиралиева, Э.курманкулова, Р.Рашева, Л.Мырзалиева, А.Махмудова, Ғ.Амиралиев, А.Бозтаева, Б.Полатова, Б.Жарқынбаева, П.Сарсенова, А.Кибраева, А.Мамбетбаева, А.Саурикова, А.Жүнісалиева, А.Ергебекова, А.Төлендиева, М.Шынбатырова, Л.Шалданбаева, Ф.Исмайловаға алғысын білдірді.
Шешім:
1.Баяндама назарға алынсын.
2.Жаңа жыл мерекесінің өтілуіне байланысты комиссия құрамы төмендегідей бекітілсін:
Асемова Гүлмира – қамқоршылық кеңестің төрайымы
Әміреева Камшат – ата-ана
Исмаилова Гүлжан – ата-ана
Қапаров Еркін – директордың шаруашылық жөніндегі орынбасары
3.«Тілектер шыршасы» акциясы бойынша көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан 45 оқушы қамтылсын
Қамқоршылық кеңесінің төрайымы: Г.Т.Асемова
Хатшы: Т.А.Егізбаева