Ақпарат » Страница 13 » №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-2-04-74
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-2-04-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
Жаратылыстану бағытындағы пəндердің онкүндігі
24
февраль
2020
Жаратылыстану бағытындағы пəндердің онкүндігі
Жаратылыстану бағытындағы пəндердің онкүндігі Білікті ұстаз Шалданбаева Лəззат "Туризм жəне біз" тақырыбында сыныптан тыс іс-шара өткізді. 11- сынып оқушылары дамыған алпауыт мемлекеттердің жəне Қазақстанның туризмдегі жаңалықтарымен бөлісті. Іс-шара мектеп бітіруші түлектерге мамандық таңдауда жаңа бағыт бергендей, жоғары деңгейде ұйымдастырылды.
Жаратылыстану бағытындағы пəндердің онкүндігі
24
февраль
2020
Жаратылыстану бағытындағы пəндердің онкүндігі
Жаратылыстану бағытындағы пəндердің онкүндігі Білікті ұстаз Уалиева Гаухар  биология пəнінен шеберлік сабақ өткізді. Топтық, жеке жұмыстарды жүйелі ұйымдастырып, оқушылардың белсенділігін, танымдыұ қабілеттерін арттыруға күш салды.
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Білімдіден шыққан сөз" атты облыстық фестиваль
24
февраль
2020
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Білімдіден шыққан сөз" атты
Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай "Білімдіден шыққан сөз" атты облыстық фестивальде мектеп ұстаздары, оқушылары жəне ата-аналар бірігіп ұлы хакім Абайдың қарасөздерінен қойылым көрсетті. Бозтаева Айна, Хабдуллаева Гулмира, Көшкінбаева Жанна жетекшілік жасап, тыңдармандарға қарасөздердің мəнін танытуға күш салды. Қатысқан топтар жүлделі III  орындарды иеленді.
Құттықтаймыз!
24
февраль
2020
Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз! "Бұлақ көрсең, көзін аш!"  Мектеп алды даярлық тобының тəрбиешісі Жандарбекова Күлайша оқушыларға сапалы білім ғана емес, жас бүлдіршіндерді өнерге баулуда да еңбегі зор!  III Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" байқауында шəкірттері III орынды иеленді.
Құттықтаймыз!
24
февраль
2020
Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз! Шымкент қаласында өткен "Жас өнер " байқауында мектеп алды даярлық тобының шəкірттері Қабылбек Асем мен Серікбай Жалғас  жүлделі III орындарды иеленді. Жетекшісі Жандарбекова Күлайша. Еңбегіңіз жемісті болсын!
Құттықтаймыз!
24
февраль
2020
Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз! Мектеп алды даярлық тобының тəрбиешісі Мирзаханова Зухра Фарзуқызының шəкірттерге сапалы білім берумен бірге өнерге баулып, қабілеттерін ұштап, дамытуда еңбегі зор. Шəкірттері III Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" байқауында  жəне  Шымкент қаласында өткен "Жас өнер" байқауында жүлделі III орындарды иеленді.
Құттықтаймыз!
23
февраль
2020
Құттықтаймыз!
Құттықтаймыз! III Республикалық "Ұлы дала ұрпағы" байқауында Бозтаева Айна эссе жазу, көркемөнер, көркем сөз жанры бойынша шəкірттер дайындап, шəкірттері  жарыс мəресінде 1-2- орындарды иеленді. Көкшетау қаласында өтетін "Балдырған" байқауына 50 пайыз жеңілдікпен жолдама алды. Еңбегіңіз жана берсін!
Мектеп -гимназияда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілетін апталықтың  ашылу сәті.
21
февраль
2020
Мектеп -гимназияда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілетін
Мектеп -гимназияда Абай Құнанбаевтың 175 жылдығына орай өткізілетін апталықтың  ашылу сәті. Апталықтың  алғашқы құттықтау сөзін сөйлеген  мектеп басшысы  Г.Мұсаханова ойшыл ақынның өмірі мен творчествосына қысқаша тоқтала кетті .  Білім алушылар Абайдың ауылын қойылым етіп көрсете отырып ,қазақи салт -дәстүрлерді  дәріптей білді.
"Құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел
20
февраль
2020
"Құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел
20-шы ақпан күні 9-10 сынып оқушыларымен "Құқық бұзушылықтардың алдын алу" тақырыбында дөңгелек үстел болып өтті. Дөңгелек үстел барысында кәмелеттік жасқа толмаған балалар арасындағы құқық бұзушылықтар жайлы арнайы дайындалған видеоролик көрсетілді.
Құттықтаймыз!
19
февраль
2020
Құттықтаймыз!
Мектеп-гимназияның бірқатар ұстаздарының  республикалық форумнан , түрлі байқаулардан алған алғыс хаттары мен марапаттарын басшы Г.Мұсаханова ұжым алдында табыстап ,еңбекте жемісті бола беруге тілектес екенін білдірді.