Алтын белгінің ордасына айналған гимназия » №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-2-04-74
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-2-04-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Алтын белгінің ордасына айналған гимназия
05
август
2019

Алтын белгінің ордасына айналған гимназия

     «Жалғыз сүйеніш, жалғыз үміт — оқуда. Теңдікке жетсек те, жұрттығымызды сақтасақ та, дүниедегі сыбағалы орнымызды алсақ та, бір ғана оқудың арқасында аламыз. Жақсылыққа бастайтын жарқын жұлдыз — оқу. Надан жұрттың күні — қараң, келешегі — тұман» — деп Міржақып Дулатов айтқандай қазір ХХІ ғасыр — ғылым ғасыры. Мақсатты білім беру — тұлға дамуын жүзеге асыратын мәселе. Ал осы жалпыеуропалық стандартқа сай  жаңа білім беру  —  жеке тұлғаның жан-жақты дамуына әкелетін бірден-бір жол деп білеміз.

     Білім мекемесінде тәлім-тәрбие алып келе жатқан шәкірттердің  қоғамдық және әлеуметтік белсенділігі жыл санап арта түсуде. Білім шаңырағы үздіксіз білім берудің ұлттық моделін қалыптастыру мақсатында білім беру сапасын арттыру бағытындағы әдістемелік жұмыстарды жыл санап жандандыра түсуде. 2018-2019 оқу жылында 1047 оқушы білім алған болса, оның 270-і озат, 452-і екпінді оқушы атанып, мектеп бойынша білім сапасы 69 пайызды құрады. Аяқталған оқу жылында 118 оқушы орта мектепті бітіріп, қолдарына кәмелеттік аттестат алды. Жалпы алғанда, ҰБТ көрсеткіші бойынша мектеп бітірушілердің білім сапасы 101,3 пайызды құрады. 118 оқушы жоғары оқу орнына түсіп, 91 түлек мемлекеттік грант иегері атанды.
     2017-2018 оқу жылында 4 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне, 12 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болса, 2018-2019 оқу жылында 11 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісіне,  8 оқушы «Үздік аттестатқа» ие болды. Мектеп-гимназия түлектері Әбзәділ Әйгерім, Көпбай Фарида, Қожамсейіт Гаухар, Мәлікқызы Зәуре, Молдахан Алтыншаш, Сайлау Аружан, Тельман Ұлжан, Тлепалды Дильназ, Мұхтар Жамиля, Нұрлыбай Гүлбақыт, Қалдыбек Сымбат «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлері атанды. Жалпы соңғы 3 жылда «Алтын белгі» иегерлерінің саны — 18-ге, «Үздік аттестат» иегерлерінің саны — 30-ға жетті.
     Ұстаздар қауымы жеке тұлғаны жан-жақты дамыту, балалардың қоғамдық бірлестіктерін дамыту бағытындағы міндеттерді орындау жолында аянбай еңбек етіп келеді. Жыл санап мұғалімдердің жаңа технологияларды меңгеру, ғылыми-ақпараттық коммуникациялық желілерді бағындыру белсенділігі арта түсуде. Ұстаздардың  жаңа технологияны игеруіне жаппай ден қоюына мектептегі озық тәжірибелі ұстаздар мұрындық болып отыр. «Тренер» сертификатына ие болған ұстаздар «Мектептегі тәжірибе» бойынша Ә.Тоғайбаева, Г.Тәжкенова, И.Турикбаева, Н.Байғазиева, «Іс-әрекеттегі зерттеу» бойынша Г.Хабдуллаева, А.Жамалбекова, С. Төрегелдиев, Ф.Исмаилова, И.Тлеубаева, «Мұғалім көшбасшылығы» бойынша Ж.Бурабаевалар арнайы курстардан өтіп жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқыту әдістерін мұғалімдерге үйретіп, практика жүзінде іске асыруда. 
     Ұжымда ұзақ жылдардан бері үздіксіз еңбек етіп келе жатқан тәжірибелі ұстаздардан тәлім алған жас мамандар да өз жұмыстарына асқан жауапкершілікпен қарап, кәсіби тұрғыдан шыңдалу мақсатында аянбай ізденуде. «Талапкер» әдістемелік-тәжірибелік жас мамандар мектебі еңбек жолын жаңадан бастаған жас мамандарды дайындауға ерекше көңіл бөледі. Осының нәтижесінде жас мамандар Қ.Джуманазарова, Т.Егізбаева «Үздік жас маман — 2019» аудандық байқауының жеңімпаздары атанды. 
   Білім мекемесінің оқу-тәрбие саласындағы жұмыстарда жоғары жетістіктерге жетуіне «Озат тәжірибе» мектебінің құрамына енетін тәжірибелі ұстаздар қомақты үлес қосып келеді.  Оқу жылында мектеп-гимназиямызда 164 мұғалім дәріс берсе, оның 45-і жоғары санатты, 29-ы бірінші санатты, 4-і «шебер-педагог», 24-і «зерттеуші-педагог» біліктілік санаттағы ұстаздар.
     Мектеп ұстаздары жеке тұлғаның дарындылық қабілеттерін жан-жақты дамыту бағытындағы зерттеу жұмыстарын жүйелі түрде жүргізіп келеді. Осы бағытта құрылған «Дарын» ғылыми қоғамы мүшелері түрлі пәндік олимпиадаларға, ғылыми-зерттеу жұмыстарына қатысып, аудан және облыс көлемінде жеңімпаз атанды. 2019 жылы 17 оқушы аудандық пән олимпиадаларында, 3 оқушы облыстық пән олимпиадасының жеңімпаздары атанды. Аудандық және облыстық ғылыми жобалар байқауында 7 оқушы жүлдегерлер қатарынан көрінді.
     Мұғалім өзінің кәсіби шеберлігін өзгеден үйреніп, өзінде дамыта отырып, өзгемен озық тәжірибесін бөліскенде ғана өседі, дамиды. Осы бағытта аудандық және облыстық көлемде шеберлік сабақтар беріп, тәжірибелерін баспа беттерінде жариялап жүрген мұғалімдеріміздің қатары көбейіп келеді. Өзінің озық іс-тәжірибесімен бөліскен облыстық ғылыми-практикалық конференцияда шеберлік сабағын көрсеткен А.Махмутова, Б.Полатова, «Сабақты зерттеу — мұғалімнің кәсіби дағдыларын жетілдіру тәсілі ретінде» тақырыбында облыстық конференцияда Ғ.Әміралиев, облыстық және аудандық семинарларда пән мұғалімдері Д.Шинасилова, А.Саурыкова, Ұ.Ахметова, Ж.Қаңтарбаева, Г.Тәжкенова, А.Елгембаевтар іс-тәжірибелерімен бөлісті. 
     Мектеп-гимназия аяқталған оқу жылында түрлі аудандық, облыстық және республикалық байқауларда жоғары жетістіктерге жетті. «Пед Старт» республикалық қашықтық олимпиадасында  — 7 мұғалім, «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен өткен «Ақбота» интеллектуалдық марафоны мен қашықтық олимпиадаларында — 38, республикалық «Аltyn tobylgy» зияткерлік олимпиадасында — 6, «Білген бәйге» республикалық олимпиадасында — 14, «Білім берудегі ұлттық құндылықтар мен инновациялық идеялар» атты республикалық ғылыми жобалар байқауында  10 оқушы жүлделі орындарды иеленді. Облыстық «Менің іс-әрекеттегі зерттеуім» байқауында С. Төрегелдиев, Г.Тәжкенова, Ф.Исмаилова, И.Турикбаева ІІ орынды, А.Әзтаеваның шәкірті Д.Қабарбек «Қала тіршілігі» атты облыстық байқаудың жеңімпазы атанды. «Жыр алыбы — Жамбылым» атты жас ақындар айтысында Г.Тәжкенованың шәкірті Асқар Аяжан ІІ орынды иеленіп облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Мектеп-гимназия оқушыларынан құралған «Жуалы» жайдарман тобы Астана қаласында өткен «Маусымашар — 2019» жайдарман сайысына қатысып өз өнерлерін көрсетті. 
     Еліміздің ертеңі бәсекеге қабілетті білім иелерінің қолында. Сондықтан да мектеп-гимназия педагогтары өскелең ұрпаққа жан-жақты терең білім беру, үш тұғырлы тілді меңгерту, ұлттық құндылықтарымызды бағалауға және салт-дәстүрлерімізді құрметтеуге тәрбиелеу міндеттерін өздерінің абыройлы парызы деп түсініп, парыз биігінен көріну үшін қажымай еңбек етуді мақсат тұтуда. «Егіншінің еңбегі жинап алған өнімінен көрінсе, мұғалім еңбегінің нәтижесі оқушының білім деңгейімен өлшенеді», — деп ұлы педагог Ы.Алтынсарин айтқандай, мұғалім еңбегінің жемісі-шәкірттерінің қол жеткен табыстары болып табылады. Дегенмен ұжым мүшелері қол жеткен табыстарға тоқмейілсімейді. Табыс бір жағы ұстаздар үшін мәртебе болса, бір жағы — жүктелген өте үлкен жауапкершілік. 

РУСЛАН САЙЛАУБАЕВ,
№ 19 Дінмұхамед Қонаев атындағы 
мектеп-гимназия директорының 
ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары
Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив