2019 жылдың ІІ жартыжылдығы бойынша мектеп-гимназия директорының қамқоршылық кеңес алдындағы есебі
Жиналыста төмендегідей мәселелер қарастырылды:
КҮН ТӘРТІБІ:
- 2019 жылдың II жарты жылдығы бойынша №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Р.Қасымбекованың есебі
- Мектеп инспекторы М.Шаңлақбаевтың атқарған жұмыстары туралы жалпы есебі
- Мектеп-гимназияның әлеуметтік педагогтарының 2018-2019 оқу жылындағы көп балалы, аз қамтылған, толық емес және жайсыз отбасынан шыққан балаларымен атқарылған жұмыстары. Баяндамашы: әлеуметтік педагог Т.Егізбаева
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі 1-мәселе бойынша №19 Д.Қонаев атындағы
мектеп-гимназия директорының міндетін атқарушы Р.Қасымбекова сөз бастап, мектептің білім сапасына тоқталып, соңғы үш оқу жылындағы білім алушылар мен ұстаздардың жетістіктеріне шолу жасады. Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жүзеге асыру мақсатында білім алушылардың білім сапасын арттыруды мақсаты жайлы, мектепте халықаралық және ұлттық зерттеулерге дайындық жұмыстарының жүргізілетінін айтты. Мектептегі тәрбие мен құқық саласында да айтарлықтай жұмыстар атқарылуда. Қылмыстың алдын алу мақсатында және оқушылардың қызығушылығына қарай мектебімізде он үш үйірме жұмыс істеп тұрғандығын тілге тиек етті. Мектебімізде ешқандай оқушы есепте тұрмағанын атап өтті. Қылмысқа бейім оқушылар байқалса, мектеп психологі жоспарлы жұмыстар атқарады. Мектеп-гимназия оқушыларының 75-80% пайызы мектеп формасымен қамтылғандығын, келесі жылы бұл көрсеткіш 100% құрайтындығын, мектеп-гимназия мұғалімдері кезекшілік рейд жұмыстарын атқарып тұратындығын, «Күнделік.кz» арқылы ата-аналар балаларының білімі мен тәртібі туралы бақылап отырғандығын да айтты. 11 сынып оқушыларының ата-аналарына ешқандай «Бітіру кештері», қымбат көліктер (лимузин, гелингваген) жалдауға қатаң тыйым салынғандығын, қыздардың мектеп формасымен және соған сәйкес артық бояусыз келуін қадағалауды тапсрды. Алда келе жатқан ҰБТ-ға қатысушыларға сәттілік тілеп, оқушылардан сынып жетекшіге немесе мұғалімге қымбат сыйлықтар сыйлауға болмайтындығын айтты.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі 2-мәселе бойынша мектеп-гимназия инспекторы М.Шаңлақбаев: «Тұлғаны жан-жақты үйлесімді тәрбиелеу саласының бірі – құқықтық тәрбие. Ол қоғамның әрбір азаматының мемлекеттік заңдары аса жауапкершілікпен орындап отыруы талаптарымен тығыз байланысты. Әсіресе, оның елімізде жүріп жатқан жариялылық, құқықтық және зайырлы қоғам орнату процесімен байланысының маңызы ерекше. Ол үшін адамзаттың сан ғасыр уақыттар бойы жасап шығарған жалпы адамзаттық негіздегі моральдық нормаларын қоғамның әрбір өскелең жастарының сана- сезімімен, күнделікті мінез - құлықтарына қалыптастыру қажет. Бұл талапты іс жүзіне асыру, әсіресе елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайын дамыту кезеңінде, ең бірінші кезекте құқықтық сананы тәрбиелеу мен мемлекеттік заңдарды жетілдіру процесінде жандандыру айрықша міндетті іс.
Мектеп-гимназия бойынша 1022 оқушы білім алуда, оның 510 қыз бала болса, 512-сі ер бала, мектеп алды даярлық тобында 101 бала білім алуда. Құқықтық тәрбие сан қырлы, күрделі процесс, бұл жалпы және арнаулы шаралардың тұтас бір жүйесін қамтиды. Соның ең бірінші сатысы - оқушыны заңмен хабардар етіп, оның жалпы құқықтық білім деңгейін көтеру. Мектеп құқықтық тәрбие жұмысын 1-сыныптан бастап, белгілі бір жүйелікпен ұйымдастырылған түрде оқушының оқуды бітіргенге дейінгі аралығында жүргізуі қажет. Ол үшін мектепте «Құқықтық сауаттылық-заман талабы», «Адам құқығы-бала құқығы» атты айлықтар шеңберінде «Құқықтық мәдениет-бала қауіпсіздігінің кепілі», «Қылмыс соңы-жаза», «Деструктивті діни ағымдардың зардаптары мен шешу жолдары», «Біз зорлық-зомбылыққа қарсымыз!», «Көңіл күй және денсаулық», «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу», «Жасөспірімдер арасында ерте жастағы жүктіліктің алдын алу» тақырыптарында дәрістер өткізілді. Оқушылардың өмір қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында мектеп әкімшілігі, ер мұғалімдер мен сынып жетекшілер тарапынан кезекшіліктер ұйымдастырылған. Осы оқу жылында ҚР ӘҚБтК-ің 127, 440, 435, 442 баптары мен ҚР-сы ҚК-ің 15 бабы бойынша түсіндіру жұмыстары атқарылды. Жыл сайын темекі шегудің, ішімдік ішудің, нашақорлықтың, ерте жүктіліктің алдын алу, басқа да жұқпалы аурулардың алдын алу бойынша іс-шаралар өткізіліп отырады. Барлық сыныптарда қорқу, үрейленудің және өзіне-өзі қол жұмсауға бейім болудың алдын алу бойынша сауалнамалар, оқушылармен жеке әңгімелесулер өткізіледі. Барлық оқу жылы бойында мектептің әкімшілігі мен ұстаздары асоциалды, әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларды, кәмелетке толмаған балалардың түнгі уақытта үйлерінде болуын қамтамасыз ету мақсатында «Түнгі ауылдағы балалар», мөлтек аудан бойынша «Қамқорлық», оқушылардың мектеп қабырғасында «Смартфон» ұялы телефондарын пайдаланбауы, қыз балалардың мектеп қабырғасында орамал тартпауын, басқа дінге бет бұруын қадағалау рейдтері өткізіледі. Аралау нәтижесінде тексеру актілері жасалып, отбасыларына ұсыныстар беріледі. Мектеп-гимназия бойынша өз-өзіне қол жұмсау фактілері, басқа дінге кірген оқушылар анықталған жоқ» - деді. Сөз соңында барлық тәрбиенің негізін отбасы қалайтындығын, сондықтан отбасындағы ата-аналардың дұрыс қарым-қатынасы, бұл жағынан отбасы мен мектептің өзара қарым-қатынасы, жастарды тәрбиелеуде маңызды орын алатындығын айтып, өз сөзін қорытындлады.
Тыңдалды: Күн тәртібіндегі 3-мәселе бойынша әлеуметтік педагог Т.Егізбаева сөз алып, мынадай мәліметтерді жиналған қауымның назарына ұсынды: «2019 жыл көп балалы, аз қамтылған отбасыларын әлеуметтік қолдауға аса мән берілген жыл екені сіздерге мәлім. Осы орайда біздің мектеп-гимназиямыз да көп балалы, аз қамтылған отбасынан шыққан балаларға жан-жақты әлеуметтік көмек көрсетуде белсенділік танытты. 2018-2019 оқу жылындағы әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, аз қамтылған, толық емес және жайсыз отбасынан шыққан балаларға мынадай көмек көрсетілді: «Мектепке жол» акциясы бойынша 20 оқушыға мектеп формасы мен оқу құралдары берілді; 6 оқушыға мешіттен азық-түлік пен оқу құралдары; Жастар ресурстық орталығының басшысы Ж.Мырзалиевтың ұйымдастыруымен 4 оқушыға оқу құралдары, сумка, отбасына азық-түлікпен қамтамасыз етілді; толық емес, аз қамтылған, жалпы әлеуметтік жағдайы төмен 98 оқушыға жаңа жыл қарсаңында мектеп ұстаздары тарапынан жаңа жылдық сыйлықтар берілді; президент шыршасына барған оқушыға Шебей Еркеназға планшет, куртка, сыйлықтар берілді; аудан әкімі шыршасына қатысқан 3 оқушыға қыстық киім, сумка мен жаңа жылдық сыйлықтар берілді; қамқоршылық кеңес мүшесі Қ.Байтаковтың демеушілігімен толық емес, жайсыз отбасынан шыққан Оркопуло Ирина мен Балқыбек Аружанға қыстық киімдер мен сырт киіммен қамтылды; мектеп-гимназияның орыс тілі пәні мұғалімі Н.Байғазиева жайсыз отбасынан шыққан Оркопуло Никитаға аяқ киім, сумка, оқу құралдарын алып берді; мектеп-гимназия басшысының ұйымдастыруымен қайырымдылық жәрмеңкесі өтіп, түскен қаржыға толық емес 2