"Қамқорлық" дәстүрлі республикалық акциясы өтті » №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-2-04-74
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-2-04-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » "Қамқорлық" дәстүрлі республикалық акциясы өтті
11
март
2019

"Қамқорлық" дәстүрлі республикалық акциясы өтті

№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында өткізілген «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы

2018-2019 оқу жылының қаңтар – 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» қайырымдылық акциясы өтті. Бұл акцияның мақсаты – әлеуметтік көмек алуға құқығы бар аз қамтылған, көпбалалы, тұрмысы қолайсыз отбасылардың балаларына, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға және басқа санаттағы балаларға әлеуметтік көмек көрсету, оқумен қамтылған мектеп жасындағы балаларды анықтау және есепке алу, сондай-ақ әлеуметтік себептер (киімдерінің, аяқ киімдерінің, мектеп құралдарының жоқтығы) бойынша балалардың мектепке бармауын алдын алу. Акция барысында айлық жұмыс жоспары құрылып, бекітілді. Жоспар негізінде 0-18 жас аралығындағы балалар тізімі анықталды. Рейдтік іс-шаралар ұйымдастырылып, тұрмысы қолайсыз отбасылардың үйлері араланды.
18 қаңтардан бастап кластар арасында «Қамқорлық» қайырымдылық марафоны өтті. Оқушылар қайырымдылық жәрмеңкелерін жасап, түскен қаржыны тұрмыс жағдайы төмен отбасынан шыққан балаларға сөмке, оқуға қажетті құрал-жабдықтар алуға жұмсады.
5-6 сыныптарда «Жақсылық – жан шуағы», «Атаның сөзі, ақылдың көзі» тақырыптарында ашық тәрбие сағаттар өткізілді.
Акция аясында мектеп-гимназия мұғалімдері М.Қамбарбекова мен Д.Абубакирова демеушілік жасап, оқушыларға киіммен, оқу-құралдарымен және аяқ киіммен көмек көрсетті.
Әлеуметтік педагогтар тарапынан 10 «Б» сынып оқушысы Жолдасов Азамат сырт киіммен қамтылды
Мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі С.Даниярова 3 «Б» сынып оқушысы Тәтен Тимурға етік және ата-анасына бір қап картоп алып берді
Мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қ. Байтаковтың демеушілігімен екі оқушы сырт киіммен және қажетті жылы киімдермен қамтылды.
Қайырымдылық акциясы шарасының барысында 6 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі Н.Байғазиеваның ұйымдастыруымен «Қайырымдылық» жәрмеңкесін өткізді. Жиналған қаражатқа сәтсіз отбасынан шыққан Н.Оркопулоға сөмке және аяқ киім алып берді. Акция аясында мектеп-гимназия мұғалімдері М.Қамбарбекова мен Д.Абубакирова демеушілік жасап, оқушыларға киіммен, оқу-құралдарымен және аяқ киіммен көмек көрсетті.
Әлеуметтік педагогтар тарапынан 10 «Б» сынып оқушысы Жолдасов Азамат сырт киіммен қамтылды
Мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі С.Даниярова 3 «Б» сынып оқушысы Тәтен Тимурға етік және ата-анасына бір қап картоп алып берді. Мектептің Қамқоршылық кеңесінің мүшесі Қ. Байтаковтың демеушілігімен екі оқушы сырт киіммен және қажетті жылы киімдермен қамтылды.


Әлеуметтік педагогтар: Егізбаева Т.А., Сәбденбек Ф.М.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив