Мектеп-гимназия тарихы » №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-2-04-74
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-2-04-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп-гимназия тарихы
01
сентябрь
2018

Мектеп-гимназия тарихы

№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы Жамбыл облысы, Жуалы ауданының орталығы Бауыржан Момышұлы ауылындағы іргелі мектептердің бірі. Ұлы Жібек жолының бойындағы Бауыржан Момышұлы ауылына орын тепкен мектеп 1985 жылы пайдалануға берілді. Білім ордасы алғашқыда коммунистік тәрбие беру ұранымен Н.К. Крупская атымен аталды. Мектептің алғашқы директоры болып Күлшат Аймұхамедқызы (Тоғысбаева) Айсенова тағайындалды. Ол ұжымды 1985-1992 ж.ж дейін басқарды. Мектептің алғашқы құрылу жылдары туралы мектептің математика пәнінің жоғары санатты, білікті мұғалімі, СССР халық ағарту ісінің Құрмет грамтасының иегері - Злиха Асылқызы Перленбетова былай дейді:


«Надежда Константиновна Крупская атындағы аралас орта мектебі 1985 жылы қыркүйек айында пайдалануға берілді. Дегенмен мектеп толық аяқталмаған еді. Сол себепті 1986 жылғы қаңтарға дейін қазақ сыныптары «Октябрьдің 40 жылдығы» мектеп интернатының ғимаратында, ал орыс сыныптары Орджоникидзе мектебінің ескі бөлмелерінде оқытылды. Мектеп шын мәнінде 1986 жылдың 15 – қаңтарында толық аяқталып, оқушылар сабақты өз мектептерінде оқуға мүмкіндік алды.»

1992 жылы мектеп директоры болып Ә.Е.Ергебековтағайындалды. Мектепті 13 жыл басқарып зейнетке шыққан ардагер ұстаз мектеп директоры және география пәнінің жоғары санатты ұстазы Ә.Е.Ергебеков – ҚР «Білім беру ісінің үздік қызметкері». 1999 жылы Қазақстан Республикасы онамастикалық комитетінің шешіміне байланысты мектепке халқымыздың біртуар ұлы Д.А.Қонаевтың есімі берілді. 2001 жылы мектепке Жуалы ауданының сол кездегі әкімі Ермек Үсенбаевтің шешімімен «Гимназия» статусы берілді.

Жас ұрпаққа саналы білім мен сапалы тәрбие беру арқылы жеке тұлғаны қалыптастыру бағытында шығармашылықпен ізденген 100-ге жуық ұстаздардың қатарында ҚР Білім беру ісінің үздік қызметкерлері математика пән мұғалімдері М.А.Айтбекова, А.Н.Ниязбекова, химия пәні мұғалімі А.Д.Дүйсенбаева, қазақ тілі пәні мұғалімі М.Р.Көкенова, бастауыш сынып мұғалімі Қ.Қ.Құрмашева, СССР халық ағарту ісінің Құрмет грамотасының иегері – Зылиха Перленбетова сынды майталман ұстаздар болды.

2001 мектеп түлегі Азамат Қожамқұлов Ирландияда да өткен әлем чемпианатында «Таэквондодан әлем чемпионы» атанса, 2003 жылы Элдар Абдрагимов Румыния қаласында бокстан өткен кадеттер арасындағы әлем чемпионы атанды. Сонымен қатар мектеп шәкірттері білім бәсекесінде де биіктен көрінді. Аудандағы ең тұңғыш «Алтын белгі» төс белгісінің иегері Айша Аманбекова осы мектептің 2000 жылғы үздік түлегі. Аудандағы ең тұңғыш «Алтын белгі» төс белгісінің иегерінен кейін 2004-2005 оқу жылында Арай Жүнісалиева, Әсел Керімбаева, Арайлым Мешелова «Алтын белгі» иегерлері атанды. 1997-2004 жылдар арасында 78 дарынды шәкірт аудандық олимпиадада, 11 оқушы облыстық олимпиадада жүлделі орындарды иеленді.

Ұлттық мектеп моделін қалыптастыру бағытында еңбек етіп жатқан ұстаздар ұжымы күнделікті оқыту үрдісінде жаңа технологиялармен қатар педагогика элементтерін де тиімді қолдануға ұмтылған. Өндірістік шеберханада ер балалар тракторшы-машинист, қыз-балалартігінші - моторист мамандығына оқытылып, осыған сәйкес куәлік берілген. Бірнеше жылдан бері ұлдар мен қыздарға ұлттық тәрбие беру мақсатымен құрылған «Сымбат» қыздар отауы және «Бозбала» ұлдар отауы тұрақты жұмыс істейді. Отау мүшелері жиі бас қосып, ұлттық салт-дәстүр және мектеп өміріне байланысты түрлі мәселелерді қызу талқылайды. Мектептің жоғары сынып оқушыларымен «Сымбат» қыздар отауы мен «Бозбала» жігіттер отауы мүшелерінің ұйымдастыруымен өткен «Ақжүніс», «Қыз сыны», «Бұрымды қыз», «Жігіттің сұлтаны», «Мектеп аруы», «Батыр ана» сынды түрлі байқаулар мен кездесулер қызықты әрі мазмұнды өткізіліп отырған. Ай сайын мектепте «Гимназия тынысы» газеті шығарылып онда оқушылар мен мұғалімдер шығармашылығына, мектеп өміріндегі түрлі жаңалықтарына орын беріліп отырған. Осы тұста директордың орынбасары қызметін табысты атқарған ұлағатты ұстаздардың қатарында Ж.А.Ерниязова, М.Сарманов т.б сынды жаңалыққа жаны құмар ұстаздар болды.

2005 жылы мектеп-гимназияға директор болып білікті азамат, іскер ұйымдастырушы, заман талабына сай менеджерлік қабілеті жоғары, жас ұрпаққа тәрбие беру және оны ұйымдастыру ісіне мол тәжірибе жинақтаған А.Оразовтағайындалды. Бүгінгі күнге дейін мол тәжірибе жинақтаған мектеп-гимназия директоры Жамбыл облысы әкімінің Құрмет грамотасымен, «Астана қаласына 10 жыл» медалімен, Жамбыл облысы әкімдігі білім басқармасының Алғыс хаттарымен, ҚР Президентінің Алғыс хатымен марапатталып,«Ы.Алтынсарин» атындағы төсбелгісінің иегері атанды.
Мектеп-гимназияның педагогикалық ұжымында 163 маманға дейін ұстаздар еңбек етті. Олардың арасында ҚР Білім беру ісінің үздіктері Дәулетжан Байдалиев (еңбекке баулу), Жақсын Байболов (дене шынықтыру), Күнімбала Жаңабай (ән-күй), Жақсыбек Сүлейменқұлов (география), республикалық «Үздік педагог – 2013» байқауының жеңімпазы Маржан Абдукодирова (бастауыш сынып), ҚР Білім беру ісінің құрметті қызметкері – қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі Күләш Айсаева сынды майталман ұстаздар еңбек етті. Сондай-ақ білім саласындағ қажырлы еңбегі үшін ҚР Білім және Ғылым министрлігінің грамотасымен Ұ.Ахметова, Р.Темірбекова, М.Әлімбеков, Ә.Құрманбекова, Қ.Көшпенбетова, Б.Мейрамқұлова, М.Абдукодирова, Г.Өтегенова, Г.Болатбекқызы, облыстық білім басқармасының алғыс хаттарымен Х.Пралиева, Т.Дүйсембаева, М.Исаева, И.Турикбаева, Е.Қолаханов, Г.Хабдуллаева, Г.Тәжкенова, Ә.Тоғайбаева, Г.Тәжікенова, Р.Сайлаубаев, Ж.Рысбекова, Т.Мұсаханова марапатталды.

Мектеп-гимназия мұғалімдерінің оқу-әдістемелік құралдар әзірлеу, оқыту үрдісіне электронды оқыту жүйесін енгізу, қосымша білім беру жүйесін жетілдіру бағытында да қомақты табыстарға қол жеткізуде. 2016 жылы мектептің бастауыш сынып мұғалімі «Сатылай кешенді талдау технологиясының тренері» М.Абдукодированың «Фонетика және морфологиялық бірліктерді сатылай кешенді талдау» тақырыбындағы 3 сыныпқа арналған әдістемелік оқу құралы, жұмыс дәптерлері, 3-сыныпқа арналған «Фонетикалық бірліктер» әдістемелік құралы, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі А.Ергебекованың «Методическое пособие по составлению позиционных и интерпретационных задач по развитию грамотности чтения» тақырыбында әдістемелік құралы жарық көрді. Көшбасшы мұғалімдер Р.Темірбекова «Бауыржантануға кіріспе» оқулығының, М.Абдукодирова, Қ.Көшпенбетова – «Тілдамыту» оқулығының, Д.Рахманбердиева « Информатика және ақпараттық технология» оқулығының, Қ.Сүлейменқұлов – «Тест есептерін шешу жолдары» оқулығының авторлары атанды. 

2015 жылға дейін мектеп оқушыларының саны 1500-ден жоғары болған. Аудан орталығында жаңа мектеп бой көтеріп, гимназия территориясына қараған бірнеше көшелер №15 мектепке берілгеннен кейін оқушылар контингенті 1200-ге дейін азайған. 

Осы жылдары мектеп-гимназия ұстаздары мен шәкірттері түрлі аудандық, облыстық және республикалық көлеміндегі көрсеткіштерге қол жеткізді. Атап айтқанда 2007ж – аудандық «Жылдың таңдаулы мектебі» бас жүлде; 2007ж – облыстық «Жылдың таңдаулы мектебі» ІІ орын; 2007ж – облыстық «Үздік мұражай» байқауы ІІІ орын; 2008ж – аудандық «Жылдың таңдаулы мектебі» І орын, 2008 ж – облыстық «Жылдың таңдаулы мектебі» ІІІ орын; 2008ж – ҚР Оқу ассоцациясының «RWCT мектебі» сертификаты; 2008ж – республикадағы «100 үздік мектеп» қатарына енді; 2010ж – аудандық «Ауылдың ең үздік мектебі» ІІ орын; 2011ж – облыстық «Бәйшешек» фестивалінде «Жігер» номинациясы; 2011ж – аудандық «Өнегелі мектеп» байқауында бас жүлде; 2011ж - облыстық «Өнегелі мектеп» байқауында ІІ орын; 2011ж – облыстық ІІ «Зерде» логикалық олимпиадасының Алғыс хаты; 2011ж – аудандық «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» фестивалі І орын; 2012 ж – аудандық «Жылдың таңдаулы мектебі» байқауы ІІ орын; 2013ж – аудандық «Үздік білім беру ұйымы» байқауында «Бас жүлде»; 2015ж – аудандық «Үздік білім ошағы» байқауын ІІ орын; 2017ж – аудандық «Тәуелсіз елдің ұлағатты ұстаздары» фестивалі І орындарды иеленген. 

Ұстаздардыңжаңа технологияны игеруіне жаппай ден қоюына мектептегі озық тәжірибелі тренинг ұстаздар мұрындық болып отыр. Атап айтқанда, арнайы курстан өтіп, «Тренер» сертификатына ие болған бастауыш сынып мұғалімі А.Папышева, тарих пәнінің мұғалімі Ә.Тоғайбаева, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Г.Тәжкенова, орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімдері И.Турикбаева, Н.Байғазиева «Кэмбридждік бағдарлама» әдістерін оқытуға белсене атсалысып келеді.

Мектеп ұжымы «Білім туралы» Заңға, білім беру стандартына сәйкес шәкірттердің қызығушылығына қарай тиянықты білім алуына жағдай жасауда. Осының нәтижесінде жыл артқан сайын мектеп оқушыларының білім деңгейінің сапасы арта түсуде. 

Соңғы 7-жылдағы ұлттық бірыңғай тестілеу қорытындысы

Оқу жылы

Түлек саны

ҰБТ-ге қатысқаны

Алтын белгі

Үздік аттестат

Орташа бал

Грант иегері

2011-12

131

131

8

0

80,4

51

2012-13

89

89

4

3

83,9

63

2013-14

122

121

5

2

84,4

70

2014-15

124

122

12

3

85,6

63

2015-16

122

120

6

3

78,7

46

2016-17

90

88

3

10

89,1

47

2017-18

126

124

4

10

106


Соңғы 3 жылда «Алтын белгі» иегерлерінің саны – 30-ге, «Үздік аттестат» иегерлерінің саны – 28-ге жетті. Бұл нәтиже аудан бойынша алдыңғы орында. Мектеп-гимназия тарихына төмендегі «Алтын белгі» төсбелгісінің иегерлерінің есімдері енді:

Альмира Ибрагимова, Балнұр Егембердиева, Динара Асабаева, Рашид Тәжиев /2007ж/; Жанерке Налекова /2009ж/; ШалқарТұрғынбай, Назерке Ақылтай, Қарлығаш Білісбаева /2010ж/; Мөлдір Құтымбек, Әсем Тельман, Айжан Нұрлықұлова, Гүлзинат Ахаубаева, Ұлдана Самархан /2011ж/; Қанағат Аманбекова, Абылай Құлжабай, Фариза Нұрман, Гүлханай Аярбек, Қуаныш Молдабек, Тілеубекова Маржан, Хафиза Тұрдалы, Ұлдана Құлжан /2012ж/; Түрікбай Іңкәр, Ақылбек Ерден, Байыc Ермек, Өтеш Аяжан /2013ж/. Ынтызарбек Қасиет, Жетпісбай Жансая, Әділбек Нұрбол, Көшенов Алдияр, Көшенова Диана /2014ж/; Омарбекова Жұлдыз, Әбен Анар, Оңғар Арайлым, Сабденбекова Балнұр, Әбілжан Дидар, Көлбай Меруерт, Ануарбек Алтынай, Досмайл Ануар, Тіленшиева Ақбота, Бекбай Айгерім, Артықбек Айзат, Үйкекбай Әсем /2015ж/; Шалхар Әсем, Мейрамбай Жанна, Оңғар Ақерке, Құлжан Айдана, Замбаева Ақмарал,Оразбақ Аружан /2016ж/; Әбілжан Сауле, Әлжан Гүлнар, Сұлташ Инабат /2017ж/; Парымбек Қасымжан, Мүтән Азамат, Қаржау Айжан, Райымқұл Шерхан /2018ж/. 

Соңғы 10 жылдағы олимпиада жүлдегерлері

Оқу жылы

Аудандық

Облыстық

Респ/қ

І

ІІ

ІІІ

І

ІІ

ІІІ

2009-2010

7

8

5

-

1

2

-

2010-2011

9

8

5

-

-

3

-

2011-2012

7

5

7


-

1

-

2012-2013

10

1

4

-

1

-

-

2013-2014

4

7

5

1

-

-

1

2014-2015

2

7

1

-

-

2

-

2015-2016

4

4

1

-

-

3

-

2016-2017

7

7

6

-

-

2

-

2017-2018

3

4

6

1

-

2

-

2018-2019

9

2

4





Облыстық және республикалық олимпиада жүлдегерлері:

2013 ж – Бекбаева Әйгерім /қаз тілі жет К.Айсаева/ облыста ІІ орын; 2014 ж – Көшенова Диана /қаз тарихы жет М.Әлімбеков/ облыста І орын, республикада ІІІ орын; 2015 ж – Құтымбек Олжас /қаз тарихы жет Ә.Тоғайбаева/, Бекбаева Әйгерім /шет тілі пәні жет Ұ.Ахметова/; 2016ж – Қошмахан Әсел /шет тілі жет А.Саурыкова/, Махмуд Әсет /матем жет Д.Абубакирова/, Әлжан Гүлнар /химия жет М.Есмамбетова/; 2017ж – Тельман Улжан /орыс тілі жет И.Турикбаева/, Әбзәділ Әйгерім /тарих пән жет Г.Сейдалиева/; 2018ж – Көпбай Фарида /химия жет Ж.Орынбек/, Өтенова Мереке /орыс тілі жет/. 2019ж - Азимхан Нұрасыл /шет тілі жет А.Жүнісалиева/, Аярбек Есжан /биология жет Ә.Нұранбекова/, Ақылтай Шерхан /құқық жет А.Мақышов/

 Мектеп-гимназия оқушыларының бұл жоғары көрсеткіштері ұжым педагогтарының ғылыми-әдістемелік және кәсіби шеберлік бағытында күнделікті ізденісінің жемісі болып табылады.Мектепте ұжым мүшелерінің шығармашылық ізденіспен еңбек етуіне жан-жақты жағдай жасалған. Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары М.С.Әлімбеков, Р.Қасымбекова, Қ.М.Көшпенбетова, ғылыми-әдістемелік іс жөніндегі орынбасары Р.Сайлаубаев, гимназия сыныптарындағы оқу ісін сараптау жөніндегі орынбасары Г.Хабдуллаева, тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары М.И.Исаева, Д.Қырғызбаева, кәсіподақ комитетінің төрайымы Б.Қожахметова ұстаздардың оқу тәрбие жұмыстарын ұтымды жоспарлауға және жүргізуге, ұжым мүшелері арасында өзара түсіністік, ынтымақтастық, әл-ахуал қалыптастыруға ұдайы назар аударып отырады. 

 

САЙЛАУБАЕВ РУСЛАН БАХЫТҰЛЫ

№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы 

мектеп-гимназиясы директорының 

ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары.

Жамбыл облысы Жуалы ауданы 


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив
BradleyJek
13 февраля 2020 21:00
жк афродита 2 отзывы мытищи

---

Отличные жилищные комплекты

---


керамический выключатель ретро

---

магазин электрики

---


https://kreditinua.com/ccloan-mikrokredity-onlayn-usloviya-zayavka-na-mikrokredit

---

Искомый сайт тут

---


войти

---

Покупка дверей

---


входные двери в коттедж