📍📍📍 КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ 📍📍📍 🖊️🖊️🖊️ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ » №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-2-04-74
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-2-04-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 📍📍📍 КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ 📍📍📍 🖊️🖊️🖊️ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ
19
ноябрь
2021

📍📍📍 КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ 📍📍📍 🖊️🖊️🖊️ ІСКЕР ӘЙЕЛДЕР ТӘЖІРИБЕСІМЕН БӨЛІСТІ

19 қараша – халықаралық кәсіпкер әйелдер күніне орай аудандық «Іскер әйелдер қауымдастығының» ұйымдастыруымен №19 Д.Қонаев атындағы мектепгимназияда кәсіпкер әйелдер мен оқушылардың кездесуі өтті. Кездесуге «Nurai Plaza» бизнес орталығының басшысы Нүрилә Мәлібекова, хореограф, «Фламинго» ән-би студиясының жетекшісі Гүлдана Бекежанқызы және «Мехрибан» этномәдени бірлестігінің төрайымы Эсмира Мамедова қатысты. Жиынның мақсаты – оқушылардың ой өрісін кеңейтіп, жетістікке жету жолында талмай еңбектенген кәсіпкер қыз-келіншектерді үлгі ретінде көрсету. Жиынды аталған қауымдастықтың төрайымы Күлбақыт Айтқұлова ашып, жүргізіп отырды. Алдымен сөз алған «Nurai Plaza» бизнес кешенінің директоры Нүрилә Мәлібекова өзінің өмір жолынан сыр шертіп, кәсібін қалай ашып, қалай бастағаны туралы әңгімелеп берді. Жиын барысында «Фламинго» ән-би студиясының жетекшісі Гүлдана Бекежанқызы және «Мехрибан» этномәдени бірлестігінің төрайымы Эсмира Мамедова сөз алып, қолға алған кәсібін одан әрі дамытып, бастаған істің аяқсыз қалмауын қадағалап, әр ісіне тыңғылықты қарап, кәсібін нәсіп етіп отырған кәсіпкер әйелдердің біздің ауданда жетерлік екенін айтып, оқушыларға ой тастады. Бұдан соң сұрақ-жауап кезеңіне кезек беріліп, аталған мектептің директордың бейінді оқыту бойынша орынбасары Ақнар Арихова оқушылардың тарапынан қойылған сұрақтарды кәсіпкерлерге жолдап отырды. Мұнда «Қазіргі нарықта қандай кәсіп ашқан дұрыс?», «Кәсіп ашу үшін ең алдымен неден бастаған жөн?», «Бизнес бастау үшін қаражатты қайдан алуға болады?» деген секілді сұрақтар қойылды. Бұл сұрақтар төңірегінде кәсіпкерлер нақты әрі тиянақты жауап берді. Кездесудің соңында оқушылар өз ойларын ортаға салып, болашақта кәсіпкер болуға ұмтылыс жасап отырғанын, әрқайсысы қандай кәсіп ашуды армандайтыны туралы айтып берді. Тағылымы мол кездесуді «Іскер әйелдер қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің төрайымы Күлбақыт Айтқұлова қорытындылап, «Әйелдер – отбасының тірегі, яғни мемлекет тірегі. Қыз, әйел – әрдайым біздің қоғамның тең құқылы мүшесі, ал анасы оның ең құрметті адамы» дей келе, жиынды жабық деп жариялады.


Прокомментировать
  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Введите код с картинки:* Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив