Жетістіктеріміз » Страница 4 » №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы
Жамбыл облысы
Жуалы ауданы білім бөлімінің
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(726) 35-2-04-74
Есепші бөлімі:
+7(726) 35-2-04-74
Нашар көрушілер
нұсқасы
Қашықтық олимпиадасының рейтингісінде І орынды жеңіп алды
23
май
2019
Қашықтық олимпиадасының рейтингісінде І орынды жеңіп алды
2018-2019 оқу жылының қорытындысы бойынша Қазақстандық қашықтық олимпиадасында (КИО) Жуалы ауданы ішінде мектеп-гимназия І орынды жеңіп алды. Барлық қатысушы оқушылар мен пән мұғалімдеріне алғыс білдіреміз. Жеңімпаздарды мектеп-гимназия әкімшілігі атынан шын жүректен құттықтаймыз!
"Қонаев жастары" жайдарман тобы жеңімпаз атанды
20
май
2019
"Қонаев жастары" жайдарман тобы жеңімпаз атанды
Жуалы ауданы әкімінің кубогы үшін өткен "Жастар жарқын болашаққа бастайды" атты аудандық мектеп оқушылары арасындағы Жайдарман финалдық сайысында мектеп-гимназияның екі бірдей командасы жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда "Қонаев жастары" жайдарман тобы І орынды, "Жұрттың балалары" жайдарман тобы жүлделі ІІІ орынды жеңіп алды. Құттықтаймыз! Жетекшілері Ғ.Аташбек пен Е.Наурызбаев   
Облыстық ғылыми-практикалық конференцияда тәжірибе алмасты
19
май
2019
Облыстық ғылыми-практикалық конференцияда тәжірибе алмасты
Тараз қаласында Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының оқу-әдістемелік кабинетінің ұйымдастыруымен өткен облыстық ғылыми-практикалық конференцияда «Сабақты зерттеу – мұғалімнің кәсіби дағдыларын жетілдіру тәсілі ретінде» тақырыбында мектеп-гимназияның ұстаздары физика пәнінің мұғалімі Ғ.Әміралиев, математика пәнінің мұғалімдері Ф.Исмаилова мен Ш.Сағындықова шеберлік сабақтарын көрсетіп өзара тәжірибе алмасты.
Оқу жылының "Ең үздік оқушылары" анықталды
19
май
2019
Оқу жылының "Ең үздік оқушылары" анықталды
2018-2019 оқу жылында мектеп-гимназия әкімшілігі І кезең бойынша ең көп жетістікке жеткен оқушыларды анықтады. ІІ кезеңде сұрыпталып алынған 10 оқушыға мектеп-гимназияның вконтакте желісіндегі ресми парақшасында дауыс беру арқылы жүргізілді. Нәтижесінде үш буын бойынша жеңімпаз оқушылар анықталды.  Үздік оқушыларды марапаттау гимназия алаңында концерттік шара ретінде өтіп, директордың орынбасарлары Р.Сайлаубаев пен Д.Қырғызбаева "Жылдың ең үздік оқушысы" номинациясының жеңімпаздары 8 сынып
Гауһар Тәжкенова - «Жылдың үздік шығармашыл мұғалімі» аталымының иегері
18
май
2019
Гауһар Тәжкенова - «Жылдың үздік шығармашыл мұғалімі» аталымының
     Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп, шығармашылық ізденісте жүруіне байланысты. №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге түрлі салада дарынды шәкірттер дайындап, оларды жетістікке жетуге ұмтылдыру мақсатында жұмыс атқарады. Осындай мақсатты ұстанып оқушыны білімге қызықтырып, талмас еңбекқорлық пен жұмысқа деген құлшыныс пен таза ниет арқылы оқу