2018-2019 оқу жылында атқарған оқу-тәрбие жұмыстарына жасалған САРАПТАМА
«Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы адами капитал» 2018-2019 оқу жылындағы оқу-тәрбие жұмыстарына
ТАЛДАУ – САРАПТАМА
№19 Дінмұхамед Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы 2018-2019 оқу жылында Қазақстан Республикасы Президентінің 2016 жылғы 1 наурыздағы №205 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік Бағдарламасын, Қазақстан Республикасының Президенті - Ұлт көшбасшысы Н.Ә.Назарбаевтың «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» тақырыбындағы Қазақстан халқына Жолдауын орындау бағытында 2017 - 2018 оқу жылына белгілеген оқу-тәрбие жоспарын орындау мақсатында еңбек етті.
Педагогикалық ұжым жас ұрпаққа сапалы білім мен саналы тәрбие беру бағытында ғылыми-шығармашылық тұрғыда іздену, теориялық және әдістемелік біліктілікті үнемі жетілдіру нәтижесінде жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Бұған педагогикалық – ұйымдастыру шараларын жоғары әдістемелік талап деңгейінде жүргізу оң ықпалын тигізді.
Күннен-күнге қарыштап заман жаңғырып, дамып келеді. Техниканың үздіксіз дамуы - адамзат баласының дамуының басты айғағы. Бүгінгі күннің талабы - ақпарат көздерінен үзбей сусындап, заман көшіне ілесе білу. Ұлы ойшыл Әлішер Науай «Мұғалім жұмысы-қиынның қиыны» екенін өз кезінде-ақ айтып кеткен. Ал бүгінгі таңда заман көшінен қалмау үшін, табысты мектеп оқушылары білім мен білікті тең дәрежеде меңгеріп, алған білімдерін кез келген жағдайда тиімді пайдаланып, өмірде кездесетін бәсекеге қабілетті бола білуі керек. ХХІ ғасырдағы білім саласындағы талап ететін дағдылардың мәні де осында.
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңының «Білім беру жүйесінің міндеттері» тармағында және Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған бағдарламасында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға, дамытуға және кәсіптік шыңдауға бағытталған сапалы білім беру үшін қажетті жағдайлар жасау, жеке адамның шығармашылық, рухани және күш-қуат мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, даралықты дамыту үшін жағдай жасау арқылы ой-өрісін байыту, белсенді азаматтық ұстанымы бар, республиканың қоғамдық-саяси, экономикалық және мәдени өміріне белсене қатысатын, өз құқықтары мен міндеттеріне саналы көзқарастағы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу бағытындағы міндеттер мен мақсаттар нақты сараланып көрсетілген. Бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны тәрбиелеу бағытындағы аталған міндеттерді жүзеге асыру үшін оқыту үрдісінде қоғам мен экономиканың қажеттеріне жауап беретін білім беру сапасын қамтамасыз ету, әркімге өзінің білімге негізделген жеке әлеуметін қоғамда барынша пайдалануға көмектесетін білім мен тәрбие беру талап етіледі.
Жалпыға бірдей білім беру
Аяқталған оқу жылында 1038 оқушы жалпыға бірдей біліммен қамтылды. 1-4 сыныптарда -403 , 5 - 9 сыныптарда - 436, 10-11 сыныптарда - 127 оқушы оқыды. Дайындық тобында 90 бала тәрбиеленді. Өткен оқу жылымен салыстырғанда 60 оқушыға артты.
Оқушы контингенті
№ | Оқу жылдары | Оқушы саны | Барлығы |
2016-2017 оқу жылы | 978 | 978 | |
2017-2018 оқу жылы | 1038 | 1038 | |
Динамика: | 60 оқушыға артты |
Үлгерімі «жақсы» және «үздік» (оқытудың сапасы) оқушылардың үлесі, (%); үздік-286 – 27,5%, жақсы-453 - 43,6%, білім сапасы - 71%,
Оқу жылында педагогикалық кадрлар саны – 164 ұстаз. Жоғары білімді – 159 және арнаулы орта білімді 5 мұғалім еңбек етті. Оның ішінде:
Жоғары санатты – 45
Бірінші санатты – 29
Екінші санатты - 24 және санатсыз 26 мұғалім,
Және жаңа форматта:
Педагог-шебер-4;
Педагог-зерттеуші-24;
Педагог-сарапшы-11;
Педагог-модератор-1;
Яғни, 40 мұғалім аттестацияның жаңа форматы бойынша тестен өтіп, біліктіліктерін қорғады.
Бұл көрсеткіш 2017-2018 оқу жылында былай көрініс тапқан болатын:
Жоғары санатты – 65
Бірінші санатты – 55
Екінші санатты - 33 және санатсыз 18 мұғалім,
Жоғары білімді – 159 және арнаулы орта білімді 4 мұғалім еңбек етті.
ОЖСБ, ҰБТ барысы
Мектеп оқушыларының жетістіктері екі түрлі жолмен сырттай бағаланады. Оның бірі - 4-9-сынып оқушыларының білім жетістігін сырттай бағалау болса, екіншісі - 11-сынып оқушыларының ҰБТ қорытындысы.
Мектебі | Оқытушы аты-жөні | Білім санаты | ОЖСБ-ға қатысқан оқушы саны | Қазақ тілінен білім сапасы | Математикадан білім сапасы | Жалпы балл |
№19Д:Қонаев МГ | Пралиева Халида | жоғары | 21 | 10,8 | 9,7 | 20,5 |
№19Д:Қонаев МГ | Махмудова Анар | екінші | 19 | 8,8 | 9,3 | 18,1 |
№19Д:Қонаев МГ | Абдикаримова Элмира | Педагог зерттеуші | 19 | 9,5 | 8,1 | 17,6 |
№19Д:Қонаев МГ | Серкебаева мадина | бірінші | 17 | 8,7 | 9 | 17,7 |
№19Д:Қонаев МГ | Қамбарбекова Марғуба | - | 21 | 9,4 | 8 | 17,4 |
№19Д:Қонаев МГ | Сарыпбекова Гүлнар | жоғары | 15 | 7,3 | 7 | 14,3 |
1. 2018-2019 оқу жылында 4-9-сынып оқушыларының білім жетістігін сырттай бағалау жүргізілді. 4-сыныптарда қағаз түрінде, 9-сыныптарда онлайн түрінде тапсырды.
2. ҰБТ қорытындысы бойынша мектебіміздің орта балы 101, 3 баллды құрады. Бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда 6-ға төмендегенін көруге болады. 2017-2018 оқу жылында 4 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісінің, 12 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанса, биылғы 2018-2019 оқу жылында 11 оқушы «Алтын белгі» төсбелгісінің, 8 оқушы «Үздік аттестат» иегері атанды. 2018-2019 оқу жылында 11-сыныпты 118 оқушы аяқтап, 118 оқушы Ұлттық Бірыңғай Тестілеуге қатысты.
2017- 2018 жылы ҰБТ – ге дайындық жыл көлемінде сапалы жүргізілді. Жыл бойында аудандық тест орталығымен бірлесе отырып байқау тестері уақытылы алынып отырды. Тест нәтижелері сараланып, қосымша сабақтар ұйымдастырылды. Мектепте 11-сынып оқушыларынан ай сайын пәндік тест алынып, оның нәтижесі оқушыларға және ата-аналарға дер кезінде хабарланып отырды. ҰБТ-ға дайындық барысы әкімшілік мүшелерінің басты назарында ұсталып, тест қорытындысы директор жанындағы мәжілісте қаралып отырды.
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясының 2018-2019 оқу жылындағы ҰБТ-дің қорытындысы туралы мәлімет
№19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясы бойынша 11-сыныпты 118 оқушы бітірді. ҰБТ-ге 118 оқушы 100 қатысты. ҰБТ қорытындысы бойынша орта балл 101,3-ті құрады.
№ | Пән атауы | Балл | Пән мұғалімдері |
1 | Тарих (118 оқушы) | 44,4 | Сейдалиева Г, Мақышов А. |
2 | Математика сауаттылық (118 оқушы) | 57,4 | Жұманазарова Қ, Абдирасулов А. |
3 | Оқу сауаттылығы (118 оқушы) | 62,1 | Сүлейменова А, Полатова Б. |
4 | Математика (60 оқушы) | 103,81 | Жұманазарова Қ, Абдирасулов А |
5 | Физика (56 оқушы) | 100,48 | Тәжібаева Ә, Махашов М, Сембиева Г. |
6 | География (13 оқушы) | 133 | Шалданбаева Л, Тұяқбаева А. |
7 | Биология (37 оқушы) | 133,67 | Нұранбекова Ә, Боранкулова Қ. |
8 | Химия (32 оқушы) | 133,35 | Орынбек Ж, Нуралиева Р. |
9 | Дүние жүзі тарихы (18 оқушы) | 113,36 | Сейдалиева Г. |
10 | Ағылшын тілі (12 оқушы) | 104 | Саурыкова А, Жунусалиева А. |
11 | Қазақ әдебиеті (2 оқушы) | 13 | Сүлейменова А, Мырзалиева Л. |
12 | Қазақ тілі (2 оқушы) | 24 | Сүлейменова А, Мырзалиева Л. |
12 | Адам. Қоғам. Құқық (4 оқушы) | 73,5 | Сейдалиева Г. |
13 | Русский язык (1 оқушы) | 37 | Турикбаева И. |
14 | Русская литература (1 оқушы) | 37 | Турикбаева И. |
Мектебіміздің оқушысы аудан бойынша ең жоғары балл 138 балл алды.
Білім сапасын арттыру
Оқу жылында мектеп директорының басшылығымен күнделікті оқыту үрдісін басқару, бақылау және тексеру жұмыстары жоспарға сай жүргізілді. Мектеп оқушыларына мемлекекеттік стандарттарды меңгертумен қатар, жеке тұлғаны дамытуға, интеллектуалдық қабілетін арттыруға ықпал ететін қосымша пәндер оқытылып, сапалы білім беру үшін барлық жағдайлар жасалды. Осының нәтижесінде мектебіміз оқу жылын табысты қорытындылады. Жалпы мектеп бойынша білім сапасы – 71 пайызды құрады. Білім сапасы өткен жылғымен салыстырғанда 2 пайызға артты.
Есепті жылда негізгі мектеп курсын 84 оқушы бітірді, оның ішінде 19 оқушы «Үздік куәлікке» ие болды. Бұл көрсеткіш өткен жылы 13 болатын. Ендігі міндет осы дарынды үміткерлермен дербес жұмыс жүргізуді барынша жақсарту, оларды алған білімдерін әлеуметтік бейімделу үдерісінде пайдалана білуге баулу, функционалды сауаттылығын дамыту және интеллектуалды қабілеттерін жетілдіру арқылы көшбасшылыққа баулу жұмыстарын жандандыру талап етіледі.
2017-2018 оқу жылында мектеп оқушылары 100 пайыз кітаппен қамтылды. Аз қамтылған отбасыларынан шыққан 105 оқушы ыстық тамақпен қамтылды. 130 оқушы қыстық киіммен қамтылды.
Есепті мерзімде жалпыға бірдей білім беру сапасын арттыру мақсатында жыл көлемінде пәрменді жұмыс жүргізілді. Пән мұғалімдері күнделікті сабақта түрлі инновациялық технологияларды пайдалану арқылы білім сапасын арттыра отырып, жеке тұлғаны жан-жақты дамыту бағытында ғылыми тұрғыда ізденді. Мектеп әкімшілігі тарапынан мұғалімдердің күнделікті сабақ беру, жаңа инновациялық технологияларды ендіру, оқыту тиімділігін арттыру бағытындағы жұмыстарына тұрақты бақылау орнатылып, пән кафедрасы мұғалімдерінің сапа мониторингі жүргізілді.
Ағылшын тілінде оқытатын сыныптардың ашылуы
2017-2018 оқу жылында 1 физика пәнінің мұғалімі Әміралиев Ғ.10 айлық, физика пәнінің мұғалімдері - Бурабаева Жансая, Тәжібаева Асел, химия пәнінің мұғалімі Орынбек Жанболат, информатика пәнінің мұғалімі Сейітбекова И. 2 кезеңдік 4 айлық ағылшын тілді курстан өтті.
2018-2019 оқу жылында осы мұғалімдердің жетекшілігімен 8-сыныптарда ағылшын тілді сыныптар ашылып, оқытылды.
Инклюзивті білім беру үшін жағдайдың жасалуы
2017-2018 оқу жылында инклюзивті біліммен қамтылған оқушылар болған жок. Ал жаңа 2018-2019 оқу жылында 6 оқушы инклюзивті біліммен қамтылу жоспарланып отыр. Мектепте арнайы пандус жасалған.
Инклюзивті біліммен қамтылатын оқушылар:
1.Диасұлы Бауыржан - 1 сынып
2.Доскерім Сәкен - 1 сынып
3.Әдіхан Әлішер - 7 сынып
4.Қадір Нурислам - 1 сынып
5.Сайдова Жанар - 7 сынып
6.Тұрсынғали Ерсұлтан - 4 сынып
Оқу-әдістемелік жұмысы
Оқу жылында мектеп ұжымы бірқатар деңгейдегі жетістіктерге қол жеткізді. Мектебіміздің бірқатар білікті ұстаздары мен білімді оқушылары - байқаулар мен сайыстарға, олимпиадалар мен конференцияларға қатысып, ұжым абыройын асқақтатты. «Жақсының жақсылығын айт, нұры тасысын» деп дана халқымыз айтқандай, осы орайда ұжымымыздағы ұстаздардың еңбектерін айтып өтпеу орынсыз деп ойлаймын. Жас ұрпаққа саналы тәрбие мен сапалы білім беру, ең алдымен мұғалімнің кәсіби шеберлігіне, әрдайым өзінің білімін жетілдіріп, шығармашылық ізденісте жүруіне байланысты.
Білім ордасы оқушыларға тек қана білім беріп қана қоймай, сонымен бірге түрлі салада дарынды шәкірттер дайындап, оларды жетістікке жетуге ұмтылдыру. Осындай мақсатты ұстанып оқушыны білімге қызықтырып, талмас еңбекқорлық пен жұмысқа деген құлшыныс пен таза ниет арқылы оқу жылында жетістікке жеткен ұстаздар мен мұғалімдерді атап өткім келеді.
Аудандық пән олимпиадасының қорытындысы бойынша қазақ тілінен Айша Әзтаеваның шәкірті Кеңесбек Айғаным, Айжан Сүлейменованың шәкірті Алмасбек Дильназ І орынды, орыс тілі пәнінен Сауле Сыдыгалиеваның оқушысы Аружан Тельман, Индира Турикбаеваның 2 бірдей оқушысы Мырзатай Есенбай мен Кадирали Айдана ІІ және ІІІ орындарды, шет тілі пәнінен Ақтамақ Жүнісалиеваның оқушысы Азимхан Нұрасыл І орынды, математикадан Айсұлу Ахметова мен Амантай Абдрасиловтың, физика пәнінен Әсел Тәжібаеваның, информатикадан Индира Сейітбекованың, химиядан Роза Нұралиева мен Жанболат Орынбектің 2 бірдей оқушысы, биологиядан Сәлима Әмірханова мен Әлия Нұранбекованың, тарих және құқықтан Алмат Махышов пен Нұрсауле Темірбекованың оқушылары жүлдегер атанды.
Облыстық пән олимпиадасында:
№ | Орны | Оқушының аты-жөні | Сыныбы | Пән мұғалімі |
1 | ІІІ | Азимхан Нұрасыл | 9 | Ақтамақ Жүнісалиева |
2 | ІІІ | Аярбек Есжан | 10 | Әлия Нұранбекова |
3 | ІІІ | Ақылтай Шерхан | 10 | Алмат Махышов |
Аудандық ғылыми жобалар байқауында:
№ | Зерттеушінің аты-жөні | Сыныбы | Жүлделі орны | Ғылыми жетекшісі |
1 | Алмасбек Дильназ | 10 | І | Турикбаева Индира |
2 | Айтуарова Әсемай | 11 | І | Исмаилова Фатима |
3 | Абдулла Нұрдаулет | 11 | І | Шалданбаева Ляззат |
4 | Исабекова Арайлым | 8 | І | Мырзалиева Лаура |
Математика пәнінің ғылыми жетекшісі Исмаилова Фатима облыстық кезеңдегі байқауда Алғыс хатпен марапатталды. Бастауыш буын арасында аудандық "Мен зерттеуге үйренемін" атты балғын зерттеушілер байқауында бастауыш сынып мұғалімі Қасымғали Айгерімнің шәкірті Серікқызы Айару «Бас жүлдені», Амиркулова Айманның шәкірті Әділбек Жанерке І орынды иеленді.
Республикалық деңгейдегі жетістіктерге тоқталып өтсем: "Пед Старт" қашықтық олимпиадасында Дүйсембаева Токжан, Тапай Нурипа, Жанболат Орынбек, КИО қашықтық олимпиадасында Ж.Орынбек, Р.Нұралиева, Ш.Сағындықова, Ә.Тәжібаева, Г.Өтегенова, А.Жамалбекова, А.Әзтаева, Б.Полатова, Г.Сейдалиева, Ж.Бурабаева, А.Жаманбаева, Д.Абубакирова жүлделі орындарды иеленсе, И.Турикбаеваның шәкірті Адина Арал ІІ орынды, А.Мамбетбаеваның шәкірттері Рахат Жолдас, Алишер Эдихан ІІІ орынды, И.Мырзаханованың шәкірті Жандос Мекемтас І орынды жеңіп алды.
«Нұр Наурыз Фест» рухани жаңғыру конкурсында бастауыш сынып мұғалімі А.Махмутованың шәкірттері бас жүлдені, қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша республикалық "Аltyn tobylgy" зияткерлік олимпиадасында Б.Полатованың шәкірті Сауранбекова Ақжүніс ІІІ орынды, Г.Тәжкенованың шәкірттері Мұқым Ақниет пен Мақұлбек Гүлназ І орынды, А.Разымбетованың шәкірттері Тельман Жалғас, Затыбек Анель ІІІ орынды, ән байқауында А.Торының шәкірттері жүлделі орындарды иеленді.
«Білім берудегі ұлттық құндылықтар мен инновациялық идеялар» атты республикалық ғылыми жобалар байқауында Д.Шинасилованың шәкірті Абдибек Ерасыл, «Инновациялық білім заман талабы» атты ғылыми жобалар байқауында И.Турикбаева және оның шәкірті Алмасбек Дильназ, Н.Байғазиева, А.Ергебекова, У.Махмудованың шәкірттері, шет тілі пәнінің мұғалімдері А.Жунисалиева, А.Саурыкова, технология пәнінің мұғалімі Ұ.Сванбаева, информатика пәнінің мұғалімдері И.Сейітбекова, Д.Оразбекова дипломдармен марапатталды. «Білген бәйге» республикалық олимпиадасында бастауыш сынып мұғалімдері Г.Жаналиева, М.Серкебаева, Х.Пралиева, Ж.Қамбарбекова, М.Шынбатырова, Ш.Байдалиева, П.Қалыбекованың шәкірттері жүлделі орындарды иеленді. Е.Бекмаханов атындағы қазақстан тарихы қашықтық олимпиадасында Ә.Тоғайбаева мен К.Өміралиеваның оқушылары, «Ұстазым, мені шығармашылыққа шабыттандыр» атты эссе байқауында өзін-өзі тану пәнінің мұғалімі Г.Қабылбектің шәкірті Әлімханқызы Аружан ІІІ орынды иеленді. Бұл байқауларды бөліп жарудың ешқандай қажеті жоқ, барлық пәндерге қатысты және барлығына дер кезінде берілген болатын.
Облыстық «Менің іс-әрекеттегі зерттеуім» байқауында информатика пәнінің мұғалімі С.Төрегелдиев, қазақ тілі пәнінің мұғалімі Г.Тәжкенова ІІ орынды иеленді. А.Әзтаеваның шәкірті Д.Қабарбек "Қазақ тіршілігі" атты облыстық байқаудың жеңімпазы атанды. «Жыр алыбы - Жамбылым» атты жас ақындар айтысында Г.Тәжкенованың шәкірті Асқар Аяжан ІІ орынды, «Цифрлы Қазақстан – Жастар көзімен» атты облыстық сурет байқауында Ұ.Сванбаеваның шәкірттері Әлмахан Жанболат, Абдулла Нұрдаулет облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды. Психология пәні мұғалімдері арасында өткен ІІ облыстық пәндік олимпиадасында Ш.Есдаулетова І орынды, жеңіп алды. «Анашым, жұлдызымсың жарқыраған!» атты шығарма байқауында бастауыш сынып оқушысы Хабдуллаева Айша ІІ орынды жетекшісі А.Бозтаева облыстық білім басқармасының дипломдарымен марапатталды.
«Үздік портфолио» байқауында бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қамбарбекова ІІ орынды, информатика пәнінің мұғалімдері арасында «Алтын диск» байқауында информатика пәнінің мұғалімі Г.Өтегенова ІІ орынды, физика пәнінің жас маманы «Жас мамандар» байқауында ІІ орынды, А.Әзтаеваның шәкірті Рахметова Ақжүніс жас ақындар мүшәйрасында ІІІ орынды, «Бояулар құпиясы» атты суретшілер байқауында А.Елгенбаевтың шәкірті Аминов Ержан бас жүлдені, облыстық байқауда ІІІ орынды жеңіп алды. (тек барып қатысып жатқандары)
Өзінің озық іс-тәжірибесімен бөліскен облыстық ғылыми-практикалық конференцияда шеберлік сабағын көрсеткен бастауыш сынып мұғалімі А.Махмутова, «Атмосфералық қысым» тақырыбында облыстық онлайн сабақ берген Ғ.Әміралиев, «Орыс тілі мен әдебиеті пәні сабағын жаңа форматта оқытудың тиімді жолдары» тақырыбында Д.Шинасилова, шет тілі пәнінің мұғалімдері А.Саурыкова, Ұ.Ахметовалар, аудандық семинар сабақ берген бастауыш сынып мұғалімі Ж.Қаңтарбаева, «Білім мазмұнын жаңарту жағдайында оқыту мен оқу үдерісін ұйымдастырудың ерекшеліктері» тақырыбында Ғ.Әміралиев, «Кәсіби қоғамдастықтың ролі» тақырыбында Г.Тәжкенова, «Жаңартылған білім беру мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» атты семинар-практикумда А.Елгембаев, облыстық әдістемелік кабинеттің ұйымдастыруымен өткен «Сабақты зерттеу – мұғалімнің кәсіби дағдыларын жетілдіру тәсілі ретінде» тақырыбында конференцияда Ғ.Әміралиев іс-тәжірибелерімен бөлісті.
«Мұғалімнің оқу үрдісіне шығармашылықпен қарауы баланың бойындағы жасырын қабілеттері мен дарынын ашады» деген болатын. Сондықтан да кәсіби біліктілікті дамыту үшін мұғалімнің өз бетінше ізденуі, жетілуі, ынталануы қажеттігі анық. Қазіргі еліміздегі білім беру жүйесіндегі басты негізгі қадам – жаңартылған білім беру мазмұны. Білім беру концепциясы, сонымен қатар құндылықтар жүйесі өзгеруде. «Егер болашақтың өзгеруін қаласаң, өзің қазіргі сәттің өзгерісі бол» деп Ганди айтқандай бұл өзгерістерді енгізіп, тұрақты етуде мұғалімдердің заман талабына сай болуы, өзгеруі маңызды.
Алайда шығармашылықпен айналысуды мақсат тұтпай, дарынды шәкірт тәрбиелеуге немқұрайлы қарап жүрген ұстаздарымызды да атап өтпеске болмас. Атап айтқанда бір ғана КИО немесе ТИО жетістігімен шектелген бастауыш сынып бойынша – Э.Абдикеримова, С.Омарова, Ж.Аймаханова, К.Орынбаева, математика пәні бойынша – Д.Абубакирова, Э.Амиркулова, қазақ тілінен Г.Базарбаева, Физика және информатика бірлестігі бойынша А.Саркулова, М.Махашов, орыс тілі пәні бойынша Қ.Бакирова, У.Махмудова, шет тілі пәні бойынша Ғ.Ізтлеуова (КИО), Г.Ермекбай (БАҚ), А.Кибраева, В.Омарова, сыныптан тыс жұмыс бойынша Д.Сағынбекова, Р.Холмуратова, Р.Бижанова, Г.Жұмадилова (интернет), технология пәні бойынша С.Сәрсенованы (интернет), өзін-өзі танудан А.Бейсеалиева, дене шынықтырудан Е.Сыздықбаевты (облыстық) атап айтуға болады.
Оқу жылында мүлде жетістікке жетпеген мұғалімдеріміз - бастауыш сынып бойынша Сагынбекова Динара, Мирзаханова Зухра, Ермекбаева Назира, Абдыазизова Роза, Мелдеш Бота, жаратылыстану бірлестігі бойынша Шалданбаева Л, Аташбек Ғ, Базарбаева Н, Раймаханова Л, орыс тілі пәнінен М.Рысдаулетова, информатика пәнінен Ж.Халиллаеваны, тарих пәнінен Ә.Сәбетбай, Ж.Байтоқова, дене шынықтыру пәні бойынша Н.Ауғамбаев, Қ.Алимбеков, Ә.Есдаулетов, Қ.Сұлтанов, Ж.Төлемісов, өнер бойынша Қ.Жаманқұловты керісінше айтқанда мақтанышпен айтуға болады. Еске салатын болсақ, мұғалім тек қана білім беріп қана қоймай дарынды шәкірт дайындау басты міндеттерінің бірі екендігі белгілі. Бірқатар мұғалімдерді көреміз аттестациядан өтетін жылы ғана жетістікке жетіп, қалған 4 жылында мүлдем жетістігі жоқ. Сондықтан алдағы уақытта жыл сайынғы қорытынды шығарылып айтылып, тиісті алдын алу шаралары қолданылып отыратын болады.
Тәрбие жұмысы
Тәрбие бағыттары бойынша жыл бойы жүйелі жұмыс жүргізіліп отырды. 30 тамыз - Конституция күнін мерекелеуге арналған іс-шаралар жоспары жасалып, мектеп кітапханасында кітаптар көрмесі ұйымтырылды.1 қыркүйек білім күніне арналған «Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны өткізілді.Жиынға Б.Момышұлы ауылының әкімі Б.Қалышбаев және ардагер ұстаздар қатысып білім алушыларға сәттілік, зор табыс тіледі. Жыл бойы мектеп оқушылары Астана қаласының 20 жылдығына орай, Б.Момышұлы ауданының құрылғаныа 90 жыл толуына орай түрлі байқауларға қатысты. Аудандық оқушылар арасында өткен КТК ойындарында «Қонаев жастары» жүлделі 1 орынды қанжығаларына байлады. Мөлтек аудандар бойынша белгіленген жалғызілікті қарттарды анықтап, көмек көрсету мақсатында сыныптар бөлініп, оларға көмек түрлері қарастырылды. «Жас Ұлан» ұйымының сайлауы өткізіліп, 9 «Б» сынып оқушысы Ақылтай Шерхан 112 ұпаймен ұланбасы болып сайланды. Мектеп – гимназияда жұмыс атқаратын «Ақсақалдар» кеңесінің отырысына ауыл ақсақалдары Д.Байдалиев, Ергебеков Абілқасым, Кемелбек Дауренов шақырылып, оқушылармен сұхбаттасып, ақыл-кеңестерін берді. Мемлекеттік қызметке 20 жыл толуына орай, мемлекеттік қызметкерлермен, соның ішінде темір жол қызметкерлері, банк, жұмыспен қамту орталықтарының қызметкерлерімен кездесулер өткізілді. Мемлекеттік рәміздерді насихаттау мақсатында директордың алғашқы әскери дайындық пәні мұғалімі Е.Сайлау мен мектеп тәлімгері А.Амиркулова мектеп оқушыларымен әскери бөлімшеге барып, ондағы әскери жауынгерлердің тыныс – тіршілігімен танысып, «Елімнің еркіндігі- нышандарым» тақырыбында кездесу өткізді. «Қыз Жібек», «Бозбала» отаулары өз жұмыстарын жүргізіп отырды. СӨС ұстану барысында түрлі аудандық спорт жарыстарына қатысып, баскетболдан ұлдар арасындағы команда бас жүлдені иеленіп, облыстық жарысқа жолдама алды. Д.Қонаевтың туған күніне орай «Дәуірдің дара тұлғасы» атты танымдық кешке ауыл әкімі Б.Қалышбаев және «Жаңа өмір» газетінің тілшісі М.Құлибай қатысты. Ауған соғысы ардагерлері П.Оспанов, Б.Жұмашев, А.Өтегеновтың қатысуымен «Ерлік» тақырыбында кездесу өткізілді.
Мектеп–гимназиясының негізгі бағыттарының бірі жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықты алдын алу және қаңғыбастық пен қараусыздықты ескерту болып табылады. Мектеп оқушылары арасында жағымсыз жағдайларда, қаңғыбастық пен қараусыздықты, девиантты мінез-құлықты балаларды, оқушылардың құқықтық сауаттылығын арттыру мақсатында түрлі профилактикалық жұмыстар жүргізілді.
Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі кеңес құрылып, кеңесті құру туралы ереже бекітілді. 2018-2019 оқу жылындағы Кеңестің құрамы төмендегідей:
Кеңес төрағасы - А.Оразов мектеп-гимназия директоры
Кеңес мүшелері:
- М.Исаева-директордың құқықтық тәрбие ісі жөніндегі орынбасары,кеңес төрағасының орынбасары
- З.Пашенов-Б.Момышұлы ауылы әкімінің орынбасары
- М.Әлімбеков-директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
- А.Дүрәлиев-медиатор
- Э.Нұрлыбаева-мектеп психологы
- М.Тленчиев-әлеуметтік педагог
- Р.Қасымбекова -директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары
- М.Шаңлақбаев-мектеп инспекторы
- Кадыров Ерғали-ата-аналар қоғамдық кеңесінің төрағасы
Мектепте қоғамдық тәртіпті сақтауда құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне көмек көрсету, оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында 2018-2019 оқу жылында «Полицияның жас көмекшілері» топтарының жұмысын ұйымдастыру туралы Ережесі бекітілді.
Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 20 маусымдағы Жарлығымен бекітілген «ҚР-ың дін саласындағы мемлекеттік саясатының 2017-2020 жылдарға арналған тұжырымдамасын» іске асыру мақсатында мектеп ғимараты мен мектеп ауласында мектеп оқушылары мен қызметкерлердің өмір қауіпсіздігін алдын алу үшін ер мұғалімдер кезекшілігі бекітілді. Жамбыл облысы әкімдігінің 2017 жылы 29 желтоқсан күні шыққан №282 Қаулысы Мектептің әкімшілік мүшелері мен ер мұғалімдері кешкі сағат 1900-2330 аралығында кәмелетке толмаған оқушыларды бақылау мақсатында кезекшілік бекітілді. 8-11 сынып ер балаларының тәртібі мен тәрбиесін қамтамасыз ету мақсатында 8-11 сынып оқушылары арасында «Бозбала» ұлдар және «Қыз жібек» қыздар клубтары құрылды.
Жуалы ауданының прокуратурасының 24 қазан 2016 жылғы шыққан №2-0704-16-01722 хатын орындау мақсатында барлық 5-11 сынып оқушыларымен және олардың ата-аналарымен өткізілдген жиналыстарда мектеп оқушыларының «Смартфон» ұялы телефондарының мектеп қабырғасында пайдалануға тыйым салынатыны хабардар етілді және «Смартфон» ұялы телефондарының мектеп қабырғасында пайдалануы баланың білім алуына, оқу процесіне кері әсері, интернет желісін дұрыс пайдаланбауы және баланың денсаулығына нұқсан келтіретінін және бұл мәселе мектептің ішкі ережесіне енгізілгені туралы айтылып ескертілді.
Құқықтық білім мен құқық бұзушылықтың алдын алу айлығы аясында 25 қазан күні мектеп инспекторы М.Шаңлақбаев «Қамқоршылық» кеңесі алдында есеп берді. 10-24 қазан аралығында барлық 1-11 сынып оқушыларымен «Құқықтық мәдениет-бала қауіпсіздігінің кепілі» тақырыбында бірыңғай тәрбие сағаттары өткізілді. Оқушылар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында сауалнамалар жүргізілді.
13 қазан күні педагогтар арасында ҚР-сы «Білім туралы» Заңының 15 бабының 3), 9), 10) тармақтарын және БҰҰ балалар қорының мектептердегі зорлық-зомбылықтың алдын алу және оған орай әрекет ету бағдарламасы талқыланды.
15 қазан күні аудандық аурухана гинекологы Қ.Есмамбетов және мектеп медбикесі Б.Байрамованың қатысуымен 8-11 сынып қыз балалары арасында «Бізге қызық» қыздардың даму қауіпсіздігі тақырыбында кездесу өткізілді. 24 қазан күні 5-11 сынып оқушылары арасында құқық бұзушылықтың алдын алу және құқықтық мәдениетті қалыптастыру мектеп инспекторы М.Шаңлақбаев және мобильдік топ мүшелерінің қатысуымен жиналыс өтті. Жайсыз отбасынан шыққан Оркопулалардың тұрмыс жағдай зерделеніп, апасымен және балалармен әңгіме жүргізілді. «Жолда жүру ережесі» іс-шаралар жоспары бойынша 2019 жылдың 12 наурыз күні «Жол қозғалыс инспекторлары» мектепішілік слеты өткізілгенін мәлімдеймін. Слет ұйымдастырушы педагог Ғ.Аташбек, алғашқы әскери дайындық пәнінің мұғалімі С.Ержігіт және взвод командирі Ш.Ақылтайдың ұйымдастырумен өткізілді.
Кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ойын-сауық мекемелерінде, мекен-жайдан тыс жерлерде болуын алдын алу мақсатында мектеп әкімшілігі мен ер мұғалімдердің қатысуымен «Түнгі ауыл» рейдтері өткізілді. Рейд барысында 10 «Ә» сынып оқушысы Қанайбаева Малика тіркеліп, ата-анасына ӘҚБтК-нің 442 бабы бойынша ескерту берілді. Мектепке қарасты мөлтек аудан бойынша бекітілген ұстаздар жүргізген рейд қорытындысы бойынша қолайсыз отбасылар, қадағалаусыз және панасыз қалған жасөспірімдер анықталған жоқ. Аудан, мектепішілік жасөспірімдерге арналған іс-шаралар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кезекшілік ұйымдастырылып отырды. Құқық бұзушылық орын алған жоқ.
Мектеп қабырғасында «Смартфон» ұялы телефонын ұстаған оқушыларды анықтау мақсатында 14.21 ақпан күндері рейд жүргізіліп, 6 оқушыдан телефон табылып, ата-аналарына ескрту берілді. Рейд барысында екінші рет ұсталған 7 «А» сынып оқушысы Досалы Бауыржанның телефоны мамыр айының 25-не дейін алынды.Сондай ақ мектеп қабырғасында қыз баларының орамал тағуын болдырмау мақсатында алдын алу рейді жүргізілді.
Мектепке қарасты мөлтек аудан бойынша бекітілген ұстаздар жүргізген рейд қорытындысы бойынша қолайсыз отбасылар, қадағалаусыз және панасыз қалған жасөспірімдер анықталған жоқ. Аудан, мектепішілік жасөспірімдерге арналған іс-шаралар кезінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау және құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында кезекшілік ұйымдастырылып отырды. Құқық бұзушылық орын алған жоқ.
2019 жылдың 5 наурыз күні АПБ-нің бастығы полиция подполковнигі М.Б.Қойкенов, АПБ-і бастығының қызмет жөніндегі орынбасары полиция подполковнигі Е.С.Ахметов, АПБ ЖПҚБ ЮПБ-ның аға инспекторы полиция майоры Қ.Б.Жұмаханов, аудандық білім бөлімінің бастығы М.М.Айжанов, мектеп инспекторы М.Шаңлақбаев және мектепішілік мобильдік топ мүшелерінің қатысуымен 6-11 сынып оқушыларының ата-аналары арасында «Жасөспірімдер арасында құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыбында жиналыс өткізілді. 2019 жылдың 19 наурыз күні мектеп инспекторы М.Шаңлақбаев соңғы үш айда атқарылған жұмыстары бойынша Қамқоршылық кеңес алдында есеп берді.
Қорытындылай келе, 2018-2019 оқу жылын жақсы нәтижелермен аяқтадық. Алдымызда жаңалықтарға толы жаңа оқу жылы. Жаңа оқу жылдарыңыз жаңа қарқынмен сәтті басталып, толағай табыстармен аяқталсын дегім келеді.