«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас мамандар байқауы өтті
Қазақ мектебінің болашағы туралы М.Жұмабаев: «Әр елдің келешегі мектебіне байланысты», — деп айтып кеткендей, тәуелсіз еліміздің тарихи-әлеуметтік, мәдени-рухани болмысын дамытуға, қоғамдық өмір мен ұлттық мектепті қалыптастыруда ұстаздардың еңбегі зор. Сол себеппен №19 Д.Қонаев атындағы мектеп-гимназиясында «Жастар жылын» қолдау аясында «Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас мамандар байқауы өтті. Байқауды мектеп-гимназияның әдістемелік жұмыс жоспарына сәйкес «Талапкер» жас